Бұл туралы «"ҚазМұнайГаз" Өндіру Барлау» АҚ жұртшылықпен байланыс бойынша департаменті хабарлады.
«Директорлар Кеңесінің шешімімен ҚМГ ӨБ-дың бас директоры (басқарма төрағасы) болып Құрманғазы Есқазиев сайланды. Азамат Есқазиев бұған дейін ҚМГ ӨБ-дың негізгі өндірістік активтерінің бірі «Ембімұнайгаз» (ЕМГ) АҚ бас директоры лауазымын атқарған, - делінген хабарламада. – Директорлар Кеңесінің отырысында оның төрағасы Кристофер ХОПКИНСОН жаңа бас директорды таныстырды: «Азамат Есқазиевтің жаңа технологияларды енгізу және өндірістің нәтижелілігін арттыру бойынша тәжірибесі мол. «Ембімұнайгаз» АҚ директоры лауазымын атқарған уақытының соңғы сегіз айында ЕМГ-да жаңа жобаларды сәтті жүзеге асыра білді. Біз азамат Есқазиев жинақтаған оң тәжірибесі мен өзінің кәсіби шеберлігін ҚМГ ӨБ компаниялар тобының игілігіне пайдаланады деп күтеміз».
«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қ. Есқазиев ЕМГ-дағы қызметін ЕМГ Басқарма төрағасы міндетін атқаратын бас директордың бірінші орынбасары ретінде қосымша жалғастырады.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА