Облыстық «Атырау» волейбол командасы Павлодарда өткен Қазақстан кубогының иегері атанды.
Финалда «Атырау» «Тараз» волейболшыларын жеңді. Ойын өте тартысты өтті, жеңімпазды анықтау үшін төрт партия өткізу керек болды, қорытынды есеп – 3:1.
Бұл «Атыраудың» төртінші рет ұтып алған кубогы. Бұған дейін спортшыларымыз 2000, 2009 және 2010 жылдары жеңіске жеткен. Ресейлік маман Сергей ГРИБОВ жаттықтыратын «Атырау» командасына жуырда «Таразбен» тағы да кездесуге тура келеді. Командалар Қазақстанның Суперкубогын сарапқа салады, өйткені жамбылдық клуб ел чемпионы болса, «Атырау» - Кубок иегері.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ