Экология департаменті 19, 21 және 22 қыркүйек күндері түнде атмосфераға жіберілген лақтырындылар фактісі бойынша табиғатты пайдаланушыларды тексеріп жатыр. Бұл туралы департамент басшысы Қанат ҚАЛМАХАН редакциялық сұрау хатымызға жауабында хабарлады.
«“Қазгидромет" РМК-ның облыстық филиалы деректеріне сәйкес, осы кезеңде күкірт сутегі (Н2S) бойынша шектеулі рұқсат етілген шоғырланудан арту фактісі Тұрғын үй қалашығы, Авангард ықшамаудандарында, облыстық әкімдік және «Атырау» ДСК аумағында орналасқан ауа сапасын қадағалау станцияларында және екі есе арту АМӨЗ буландыру алаңы маңындағы “Вест Ойл" станциясында тіркелген. Бұдан ластану ошағы АМӨЗ буландыру алаңы маңында болған деп топшылауға болады», - деп хабарлады Қ. Қалмахан.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ