Атырау, 5 мамыр 18:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Жасөспірімдер көшедегі адамды өлтірді

2 357 просмотра

Image 0Көшедегі бейқам кетіп бара жатқан адамды өлтіргені үшін төрт жасөспірім түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтірген және тонаған төрт кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге (қылмыс жасағанда олар 15-17 жаста болған) қатысты қылмыстық істі қарады. Айыпталушы И. (№21 мектептің оқушысы), Р. (Атырау агротехникалық колледжінің студенті), Л. (Бизнес және құқық колледжінің студенті) және Б. (сол колледждің студенті) өткен жылдың қазан айында кешкі 9 шамасында «Шипажай» аялдамасында кездесіп, «Насиха» сауда орталығына қарай серуендеуге шығады. Осы жерде біреуі жалғыз келе жатқан жалғыз адамды тонау идеясын («движениеге шығайық» деп жазылған сотталушылардың бірінің ісінде) ортаға салады. Достары бірден келісіп, шабуылдау жоспарын әзірлейді. Олардың берген айғақтарына сәйкес, жоспарда тек тонау ғана болған, алайда қарақшылық шабуыл кезінде ниеттері өзгеріп кеткен...

Іс материалдарында баяндалғандай, түн ортасында Орталық ықшамауданда жүріп, өздеріне құрбан ретінде 50-55 жас аралығындағы (іс жүзінде жасы 63-те болатын), қолында полиэтилен дорбасы бар ер адамды таңдайды. Артынан жайлап еріп отырып, тал қалың өскен Б. Момышұлы көшесіндегі №4 үй тұсынан қуып жетіп, бас салады.

Сотта жас қылмыскерлерлер бастарын алып қашып, бірінші кім шабуылдады, өлтіру қаруын кім бірінші қолына алғанын бір-біріне жауып жатты. Олардың берген айғақтарында кісі өлтірушілердің біреуі алдымен бетінен жұдырықпен соғып, екіншісі кеудесінен ұрып, үшіншісі аяғынан теуіп құлатқаны туралы айтқандары сәйкес келеді. Содан кейін бәрі аяқпен және қолмен құлап жатқан адамды ұрып-соғып, біреуі қос аяқпен басына секірген. Зардап шегушінің осы сәтке дейін қабырғасы сынып, денесі мен беті ісіп кеткен еді. Бұған қанағаттанбаған қарақшылардың бірі жерде жатқан қайыршақ тастың бір бөлігін алып, басына тастай салады. Сараптамаға сәйкес, зардап шегуші бастан жетіден кем емес жарақат алатын соққы алып, нәтижесінде ашық бас сүйек-ми жарақатын алып, бас сүйек сынып, миға зақым келіп, ішіне қан кеткен және басы мен бетінің басқа жерлері ауыр жарақаттанған.

Ер адам есінен танған соң, тонаушылар оның қалтасы мен дорбасын қарап, екі бос әмиян мен 5 000 теңге тұратын «Нокиа 6030» маркалы телефонды олжа қылады. Қылмыскерлер үйлеріне тарайды. Адамды ұрып жатқан дауысты естіген №4 үйдің тұрғындары жедел жәрдем шақырады, алайда зардап шегуші дәрігерлердің көлігі ішінде есін жимастан, көз жұмды.

Таңертең құны адам өмірімен пара-пар арзан телефонды кісі өлтірушілердің бірі, 15 жасар И. сыныптасына береді, ал ол ешкімге керек емес нәрсені басқа біреуге бере салады.

Бір аптадан кейін төртеуі де тұтқындалды.

Сот-психиатрлық сараптама қорытындысына сәйкес, сотталушылар қылмыс жасар алдында өз әрекеттерінің сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсінуге және оны басқаруға қабілетті болған. Олар психикалық аурулармен ауырмайды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды қажет етпейді.

Сот үкімімен кәмелет жасқа толмаған И. ҚР ҚК-ның 96-бабы («Кісі өлтіру») және 179-бабы («Қарақшылық») бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сот үкімімен кәмелет жасқа толмаған Р., Л., Б. 79-бапта қарастырылған («Қарақшылық») қылмысты жасады деп танылып, 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын алып, жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясына жіберілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

27 қыркүйек 2015, 02:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.