Атырау, 29 қараша 02:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Қан қысымдарыңызды өлшетіп жүріңіздер

2 302 просмотра

Image 029 қыркүйекте Атырау да басқа қалалар сияқты Дүниежүзілік жүрек күнін атап өтеді. Бұл күні кез-келген адам жалынды жүректері қалай жұмыс жасап тұрғанын тегін тексерте алады.

Бұл мереке алғаш рет 1999 жылы Бүкіләлемдік жүрек федерациясының бастамасымен ұйымдастырылған еді. Акцияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНЕСКО қолдады. Алғашқыда Жүрек күні қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтті, ал 2011 жылдан бастап 29 қыркүйек түбегейлі белгіленді. Мерекенің мақсаты – жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіптілігіне көңіл аударту, адамдардың толықтай тексерілуден өтіп, ишемиялық аурулар мен ми инсультына қарсы алдын алу шараларын қабылдау керектігін түсіндіру.

- Біз көп жылдар бойы Жүрек күні акциясын өткізіп тұрамыз. Осы жылы «Насиха» сауда орталығында, ХҚКО және автовокзалда жүрген адамдар өз қан қысымдарын өлшетіп, қандарындағы холестериннің деңгейін анықтай алады. Денсаулығында белгілі бір проблемалар анықталса, бұл деректер пациенттің мекенжайы бойынша учаскелік дәрігеріне беріледі,- дейді облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бас дәрігері Гүлнар МАМБЕТОВА.

Оның айтуынша, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қандағы холестерин құрамының көптігінен тамырлардың бітелу қаупі, дене салмағының көбеюі соңғы жылдары жас пациенттерден де көп байқалып жүр. Сондықтан да қан қысымы тек қарт адамдардың ауруы деп ойлауға болмайды.

Міне, «Насихадағы» дәрігерлерге қаралу үшін әр түрлі жастағы адамдар кезекте тұр. 61 жастағы Сандуғаш МҰҚАШЕВА өзін жақсы сезінеді, сондықтан да өзінің қан қысымының және қанда холестерин құрамы деңгейінің жоғары екенін білген де жоқ. Енді, дәрігерлердің рецептісі бойынша дәріханаға кетіп бара жатыр. Сергейдің жасы небары 27-де, алайда, өкінішке орай, оның қан қысымы нормадан жоғары болғандықтан, жас жігіт мекенжайы бойынша толық тексеруден өтуі қажет. Дәрігерлер оған жүрек-қан тамырлары ауруын алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау керектігін айтты: біріншіден, темекіден бас тартып, екіншіден, таза ауада көп жүріп, тамаққа көп көңіл бөлу керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

25 қыркүйек 2015, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.