Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қару – ойыншық емес

4 223 рет қаралды

Image 0Жуырда Жылыой аудандық соты көшеде оқ атқан 1992 жылғы жас жігітті соттады.

Жылыой аудандық прокуратурасының аға прокуроры Алтынгүл ИСМАГУЛОВАНЫҢ айтуынша, оқиға 2015 жылдың 9-шы шілде күні Қосшағыл ауылында орын алған. Сағат кешкі 21. 00 шамасында «Ақниет» дүкенінің алдында аталмыш жігіт танысымен кездесіп, дұрыс амандаспадың деп жанжалдасады. Ол екі сағаттан кейін бірге жүрген достарымен дүкенге қайта оралып, келген көлігінің ішінде отырып заңсыз сақталған аңшы қаруынан оқ жаудырады. Оның атқан оғынан сол көше бойымен келе жатқан «Тойота-Хайлюкс» автокөлігінің 75 жастағы иесі жеңіл дәрежеде жарақат алады.

Сотта «мерген» жігіт өзінің ойланбай істеген ісіне өкініп кінәсін мойындайды, алайда, жәбірленуші ақсақалдың кешірім бергеніне қарамастан сот оны 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 қыркүйек 2015, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.