Атырау, 29 қараша 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қысқа маршруттар көбейсе игі

1 949 просмотра

Image 0Атырау қаласының әкімдігі тәжірибе жүргізуде: Нұрсая – «Дина» базары бағытындағы №4 автобустардың бірі қысқартылған аумақ бойынша – Бейбарыс сұлтан даңғылы бойынша тіке жүреді. Бұл автобус маршруттық такси мәртебесін алды. Жолақы үшін жолаушылардан басқа қоғамдық көліктерге қарағанда екі есе көп, яғни 100 теңге алынады. Алайда Нұрсая ықшамауданының тұрғындары пилотты жобаны жақсы бағалады.

«Қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары» ММ энергетика, көлік және байланыс секторының жетекшісі Қуаныш ИБРАГИМОВТЫҢ айтуынша, қазанның бірінші жұлдызында қалалық әкімдік қысқартылған автобус бағытындағы маршруттық таксиге жол беріле ме, жоқ па, шешетін болады. Әкімдіктен оң жауап алынған жағдайда маршруттардағы жолақы бағасы да бекітілетін болады.

Атырау маңы тез бой көтеруде. Ұзақ жылдар бойына біз тек қолдағы автобус маршруттарының ұзындығын көбейтумен ғана айналыстық. Нәтижесінде қалалық әкімдікке автобустардың ұзақ жүретіндігіне қатысты тұрғындардан шағымдар түсті. Асығыс жолаушылар үшін маршруттық такси қозғалысын ұйымдастыруды ұйғардық. Жасақталып жатқан бағытты әзірге жария етпейміз. Жоба әкімшілік полиция басқармасынан сараптамадан өтуге тиіс (қаланың белгілі бір көшелеріне жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу жол полициясының құзырында). Бүгінде Бейбарыс даңғылы бойымен бір маршрут қана жүреді. Ол өзін ақтап жүр, - деп түсінік берді Қ.Ибрагимов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қыркүйек 2015, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.