Атырау, 13 ақпан 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

Volkswagen басшысы отставкаға кеткеннен кейін акциясы қымбаттай түсті

2 028 рет қаралды

Image 0Volkswagen концернінің басшысы отставкаға кететінін мәлімдегеннен кейін Франкфурт қор биржасындағы саудада еуропалық автоалыптың акция құны 4,6%-ға өсті, деп хабарлайды ВВС.

Сауда басталғанда акция құны 116,6 еуроны құрады. Бұл өсім екінші күн қатарынан байқалады: апта басында жиырма пайызға құлдырап кеткен акция сәрсенбі күні 4% өсім көрсетті.
Кеше Volkswagen басқарма төрағасы Мартин Винтеркорн брендтің бірқатар модельдерінде қалдық газ құрамындағы зиянды заттардың аздығы туралы мәліметтердің жалған екені әшкере болғаннан кейін отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады.

«Volkswagen-ге жаңа серпіліс қажет – кадр мәселесінде де. Мен өз орнымды босатып, отставкаға кететінімді мәлімдеймін. Жаңа адамдарға орнымды босатамын», - деді Винтеркорн.

Дереккөз: bnews.kz

25 қыркүйек 2015, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.