Қыркүйектің 12-де Индербор поселкесінде 21 жастағы жергілікті тұрғын көлігімен электр бағанына соғылып, сол жерде көз жұмған. Тергеу шаралары жүргізілуде.
***
Қыркүйектің 21-де «Бекіре» операциясының барысында қалада теміржол вокзалына жақын жерде су полициясының патрулі 25 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада» ВАЗ-21901 көлігін тоқтатты. Жүксалғыштан көліктің 20 жастағы жолаушысына тиесілі 132 келі ақмарқа, 32 келі көксерке және 164 келі басқа қара балық түрлері табылды. Тергеу басталды.
***
Қыркүйектің 21-де «Мұрагер» базарының маңында су полициясы 25 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота-Прадо» жолсыз көлігін ұстады. Көлік салонынан 11 келі жаңа ауланған бекіре еті табылды. Тергеу жүргізілуде.
***
Су полицейлері 21 қыркүйекте Абай көшесінен «Приора» көлігін тоқтатты. Оның жүксалғышынан 50 жастағы жолаушыға – Жұмыскер поселкесінің тұрғынына тиесілі 51 келі сазан мен 61 келі көксерке табылды. Тергеу жүргізілуде.
***
Бірлік поселкесі көшелерінің бірінен 21 қыркүйекте жол-патруль қызметі «Дэу-Нексия» көлігін тоқтатты: жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпапты. Содан кейін жүргізушінің мас екендігі, ал биылғы жылдың наурызында оның осындай заң бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.
***
ҚІІБ-не жеке тасымалмен айналысатын 30 жастағы жүргізуші жүгінді. 19 қыркүйекте кешкісін екі жігітті Жұмыскер поселкесіне түсіріп тастаған кезде айфонының жоғалғанын байқаған. Ұрлық жасады деген күдікпен Жұмыскердің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.
***
Қыркүйектің 17-21 аралығында облыс бойынша өткізілген «Балалар түнгі қалада» атты жедел-алдын алу шарасының барысында ІІБ-не 347 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Олардың түнгі уақытта жүргендері үшін - 57, қылмыс жасағаны үшін – 1, ұсақ бұзақылық үшін – 9, бұзақылығы үшін – 8-і ұсталды. 21 берекесіз отбасы есепке қойылды, 210 ата-ана түнгі уақытта балаларын ересектердің қарауынсыз қалдырғаны үшін және бес факт – ата-аналардың және басқа заңды тұлғалардың балаларды тәрбиелеу міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қадағалаусыз 44 кәмелетке толмаған жасөспірім орналастырылды.