Атырау, 7 қазан 19:27
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Қағаз жүзіндегі кәсіпорындар

1 843 просмотра

Image 0Соңғы жылдары Атырау облысында анықталған жалған кәсіпкерлік фактісі 10 есеге көбейді.

Егер өткен жылы үш қылмыс тіркелген болса, биыл олардың саны 30-ға жетті. Мемлекеттік кірістер департаментінің көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асхат ҚАСИМОВТЫҢ айтуынша, ҚР мемлекеттік кірістер комитеті құрылу кезеңінде жасанды (араққұмар, нашақор, бұрын сотталған) тұлғаларға тіркелген кәсіпорындарды анықтауға мүмкіндік беретін дерекқор жасақталды. Бұдан басқа, заңды тұлғаларды «қолма-қол» операцияларды жасау тәуекеліне жатқызу критерийлері жасақталды, яғни, қызметкерлер, материалдық-техникалық база және басқа қажетті жағдайларсыз үлкен айналымдар бар болса, бірақ салық міндеттемесі орындалмаса.

"АЖ" АНЫҚТАМАСЫ:
Жалған кәсіпкерлік – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз коммерциялық ұйым құру. Ол несиелер алу, салықтан босатылу, бөгде мүлік пайдасын көру немесе тыйым салынған қызметті бүркемелеу мақсатында жүзеге асырылады.

Жалған кәсіпкерлік 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлмен немесе сол мөлшердегі түзету жұмыстарымен, немесе екі жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеумен, немесе сол мерзімде бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.