Жылыой ауданында ресми түрде есепке тіркелген жұмыссыздар саны - 1 285 адам.
- Біз өзімізге келген жұмыссыздарды есепке алып, жұмыс көзін тауып беруге тырысамыз, - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Серік ХАМИДОЛЛА. – Кейбір мамандықтарға ұзақ уақытқа дейін жұмыс тауып бере алмайтын кездеріміз де болады. Алайда, біз үмітімізді үзбейміз.
Бөлімнің ұйымдастырумен 31 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 800-ге жуық адам тұрақты жұмыс тапты. Таяуда өткен жәрмеңкеге 14 мекеме қатысқан болатын. Жұмыс жәрмеңкесіне «ЮСС Суппорт Сервисез», «Агропромтехника», «Іскер», «Сичим» ұйымшылдықпен қатысып, қажетті жұмысшылар мен мамандарды көптеп алған. Бөлім басшысы жәрмеңкеге мүлдем қатыспайтын мына серіктестіктерді атады: «Камерон», «НСС», «Везефорд», «Флюр».
Жыл ішінде 800-ге жуық аз қамтылған, көп балалы отбасыларға 8 млн теңге көмек жасалған. «Мұқансервис», «Сичим», «Артик», «Атыраусауда», «Агропромтехника» ЖШС жылыойлық студенттердің оқу ақысын төлеп отыр. 39 дүкен мүгедек жандарды айына бір рет азық-түлікпен қамтамасыз етеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА