Атырау, 5 мамыр 16:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Аудан жаңалықтары

1 457 просмотра

Индерде сабантой

Индерлік егіншілердің қатары артып келеді, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны оннан асты. Демек, егін алаңдары да артты деген сөз. Қазір ауданда егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр.

53 шаруа қожалығы егіс даласынан 7 615 тонна көкөніс, 36 000 тонна бақша дақылдары мен картоп жинап алды, 936 тонна өнім қамбаға түсті.

«Үмітқалиев» ЖК, «Алихан», «Дәулет», «Серғазиев» ШҚ алғашқылардың бірі болып күзгі жиынды аяқтады.

- Әр сенбіде ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырып отырамыз, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Сәулет ЕСЕТОВ. - Жергілікті халық та мұны асыға күтуде. Себебі, баға әдеттегіден 30-50 теңгеге арзан.

***

Қосшағылда балабақша салынады

Жылыой ауданы Қосшағыл елді мекеніндегі 2,5 км кірме жол күрделі жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмысын «Атыраукөлік» ЖШС 168 млн теңгеге жүргізді.

Бұған дейін мүлдем балабақшасы болмаған ауылда жақында 160 орындық бақшаның құрылысы басталды. Балабақша құны 420 млн теңгеге шықпақшы.

***

Экспедиция - аудандарда

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай құрылған «Ұлы дала елі» мәдени-тарихи экспедициясы Махамбет, Жылыой аудандарында болды.

Олар облыс аудандарын түгел араламақшы.

***

Тазалық айлығы

Қызылқоға ауданында күзгі тазалық айлығына 63 мекеме қатысты.

Олар көшелерді тазарту, ағаштарды әктеу жұмыстарын жүргізді. 10-шы қыркүйектен басталған айлық қазан айының 25-не дейін жалғасатын болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.