Атырау, 7 қазан 19:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Миллиардтар туралы іс

3 116 просмотра

Image 0Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, жалған кәсіпкер С.Ш. мемлекетке 15 млрд теңгеден астам сомада зиян келтірді деп күдіктелуде. №2 Атырау қалалық соты оны 2 айға қамауға алуға санкция берді.

Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметінің көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасы азаматша С.Ш-ға қатысты ҚР ҚК-нің 215-бабында («Жалған кәсіпкерлік») қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізуде.

Сотқа дейінгі тергеу барысында бұл азаматшаның заңға қайшы жолмен салықтан және басқа да міндетті төлемдерден жалтару үшін әділет органдарына 12 шақты жасанды тұлғалардың атына жалған кәсіпорындар тіркегендігі анықталды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында «салықтан жалтару сомасының» сызбасы айтылмаған, мемлекеттік кірістер департаменті де тергеудің егжей-тегжейін жария етпей отыр.

Бізге тек істе бой көрсеткен жалған кәсіпорындардың атаулары мен салық қызметі есептеген төленбеген салық сомасын ғана білу мүмкін болды. Бұлар «Жағдайды Басқару» ЖШС – тек осы кәсіпорынның өзі мемлекетке 3,2 млрд теңге төлемеген, «Ронод Строй» ЖШС-не салық қызметкерлері 2,5 млрд теңге есептеп шығарды, «Сегмент Контракт» ЖШС – 790 млн теңге, «Авантаж Комплект» ЖШС – 356 млн теңге, «Патри Контракт ЛТД» ЖШС– 425 млн теңге, «Штерн Вест Құрылыс» ЖШС – 505 млн теңге, «Севьер Констракшн» ЖШС – 1,6 млрд теңге, «Фазатрон Partners Company» ЖШС– 1,3 млрд теңге, «Стандарт Форм Partners» ЖШС – 1,5 млрд теңге, «Аванпост Partners Company» ЖШС – 154 млн теңге, «Бухгалтерский вектор» ЖШС – 2,8 млн теңге, «Күміс-Құрылыс» ЖШС– 2,6 млрд теңге. Барлығы бюджетке 15,1 млрд теңге төленбеген.

Осы алаяқтық шеңберінде құрылған кәсіпорындар туралы басқа қолжетімді ақпарат жоқтың қасы. Жоғарыда аталған 12 ЖШС-нің 11-і тек салық қызметінің Сауда тізілімінде ғана еске алынады. Қызмет ретінде осы кішкентай компаниялар (штатта негізінен бес адамға дейін көрсетілген, ең көбі – 20 қызметкер) нақтылаусыз «Жолдар мен автомагистралдар құрылысын», «Тұрғын ғимараттар құрылысын», «Кең ауқымдағы тауарлар түрлерінің көтерме саудасын» ұсынған. Егер салық қызметкерлері осындай үлкен сомада бюджетке төлем есептеген болса (шамасы, ҚҚС мен табыс салығы), демек, осы жалған кәсіпорындардың есепшоттары арқылы 15 млрд теңгеге қарағанда бірнеше есе көп сомалар өткен. Бұл қара миллиардтар кімдікі екен?

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеуші қоғамдық қауіп-қатер дәрежесін және жасалған іс-әрекет сипатын, сондай-ақ, зиян сомасын ескере отырып, оған қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын алды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

23 қыркүйек 2015, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.