«Ноғай» зираты («бесінші километрде») 5 жыл мерзімге сенімді басқаруға берілді. Жерлеу орындарын бұрынғыша тегін берілетін болады, алайда оларды беру кезінде белгілі бір тәртіп сақталады.
Атыраудағы мұсылмандар зиратының бәрі, өкінішке орай, қараусыз қалған. Олардың аумағында тәртіп жоқ, кей кездері келушілер қоқыс қалдырып кетеді. Соның ішінде, құрылыс қалдықтары да бар. Жерлеу бейберекет өткізіледі, бейіттер кейде жүретін жол бойына және қоршаудан тысқары жерге тұрғызылады.
- Қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ зират қызметін реттеуді, өздері алып отырған жерлерге мемлекеттік актіні ресімдеуді және нысандарды балансқа алуды ұйғарды. Содан кейін олар сенімді басқаруға берілетін болады. Өздеріне зираттарды басқару міндеттемелерін алған компаниялар өз аумақтарына күтім жасап, абаттандырумен, ағаштар, гүлдер отырғызумен айналысуы тиіс және т.б. – деп әңгімеледі қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Арман ӘБІЛҒАЗИЕВ.
«Ноғай» зиратын жеке кәсіпкер Сырым ҚҰЛШИЕВ сенімді басқаруына алды. Ол бейіттерге апаратын жолды тегістеткен, енді зираттың периметрі бойынша кей жерлердегі жетіспейтін қоршауларды қалпына келтірмекші және жер телімдерін беруді реттемекші.
- Бәрі де, әрине, марқұмдарды туыстарының жанына жерлегілері келеді. Бірақ бұл басқалар үшін өте қолайсыз. Мәселен, жаңадан жерленген қабір жолдың қақ ортасында орналасқандықтан аза рәсімінің өтуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұдан басқа, алдағы уақытта туыстары қажетті бейітті еш қиындықсыз табу үшін біз арнайы журналда берілген телімдердің нөмірлерін тіркейтін боламыз. Жыл өткен сайын мұны жасау қиынға соғады, өйткені зират үнемі кеңейіп отырады, - деп әңгімеледі Құлшиев. Қазір зиратта 3 қызметкер жұмыс істейді –тұрақты бір қарауыл және бейіт қазатын екі жұмысшы. Осы жерде, зират аумағында барлық қажетті діни жоралғыларға тапсырыс беріп, бейіт көтеру үшін материалдар алуға болады.
Әрі қарай қаладағы бүкіл зираттарды сенімді басқаруға беру жоспарланып отыр.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор