Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құттықтаймын деп келіп, өлтіріп кетті

3 239 рет қаралды

Image 0Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көршісін өлтірген қылмыскерді 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сотта анықталғандай, сотталушы көршісін мерекесімен құттықтау үшін барған, құр қол емес, қолына бөтелке арағын, бір литр минерал суы мен шоколадын ала барған. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, көршілер ішіп, содан соң керісіп қалып, төбелескен. Төбелес кезінде қонағы зардап шегушінің кеуде қуысына, мойнына, құрсақ қуысына бірнеше жерден соққы жасаған. Үй иесі сол жерде көз жұмды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (« Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру») бойынша сот оны 10 жылға бас бостандығын айыру жазасына кесті.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

22 қыркүйек 2015, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.