Атырау, 15 тамыз 16:15
Кешке ашық+26, түнде +21
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 363.28  € 414.25  P 5.44

Көтерілетін тариф бес жыл өзгертілмейді

22 қыркүйек 2015 11:42

Image 0«АЖ»-ға ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Асылбек АЛАМАН хабарлағандай, бүкіл энергетика үштігі – «Атырау Жарық», «Атырау жылу жүйелері» және «Атырау ЖЭО» АҚ 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді көтеру жөнінде департаментке өтінішпен жүгінген.

«Атырау Жарық» АҚ үшін электр энергиясын беру және тарату қызметінің қолданыстағы тарифі 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап бір кВт-сағатқа 4,76 теңге көлемінде (бұл жерде және әрі қарай бағалар ҚҚС-сыз) бекітілді. Енді электр жүйелері компаниясы департаменттен тарифті бір кВт-сағатқа 7,57 теңге көлемінде бекітуді сұрап отыр. Мұндағы тариф өсімі 59 пайызды құрайды.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ-на 2014 жылдың 1 қазанынан бастап әрбір Гкал жылу үшін 3 450 теңге мөлшерінде жылу энергиясын беру және тарату тарифі қолданылып келеді. Бұл тарифті бір Гкал үшін 7 155,68 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр. Мұндағы тариф өсімі 107,4%-ды құрайды.

«АЖЭО» АҚ-да 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір Гкал үшін 5 515,03 теңге мөлшерінде жылу энергиясын өндіру және жабдықтау тарифі қолданыста. Шекті тарифтің қолданылу мерзімі 2015 жылы аяқталады. Оны бір Гкал үшін 9 739,14 теңгеге көтеру ұсынылып отыр. Мұндағы тариф өсімі 76,6%-ды құрайды.

Монополистердің үшеуіне де бес жылға тариф бекітілетін болады (осы жылдар ішінде теңгенің долларға қатысты бағамы өзгермейді, үкімет, президент, тіпті монополияға қарсы ведомоствоның басшысы ауыспайды – бәрі өзгеріссіз қалады және джентльменнің берген сөзіндей ұмытылмайды деп жорамалданып отырған шығар).

Монополистер қызметтің қымбаттау қажеттілігін - шикізат пен материалдар бағасының көтерілуімен, амортизациялық жарналар мен салық шығындарының өсуімен байланыстырады. Сондай-ақ, тарифтің шығынды бөлігіне негізгі құралдарды қалпына келтіруге, жаңартуға және кеңейтуге, энергияны үнемдеу және нормативтік шығындарды төмендету бағдарламасы бойынша жабдықтарды ауыстыруға бағытталған кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы енгізілетін болады.

Аталмыш өтінімдерді қарау жөніндегі қоғамдық тыңдау 23 қазанда Дина Нұрпейісова атындағы мәдениет үйінде, тиісінше, сағат 10, 11 және 12-де өтеді. А.Аламанның айтуынша, департамент жанындағы өтінімдерді қарау жөніндегі сараптама кеңесінің бірінші отырысы: «Атырау Жарық» АҚ бойынша – 17 тамызда, «Атырау ЖЭО» АҚ және «Атырау жылу жүйелері» АҚ бойынша – ағымдағы жылдың 25 тамызында өтті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1416 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Күзгі асқыну: жылу үштен бір есеге қымбаттайды  1205 рет қаралды

Жылу қанша тұрады?  1145 рет қаралды

​Бәрі жоспар бойынша, бірақ бір апта ыстық сусыз шыдай тұрыңыздар  1072 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6