Атырау, 5 мамыр 22:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Украинада жезөкшелікті заңдастыру ұсынылды

1 736 просмотра

Image 0

Жоғарғы Радаға "жезөкшелікті және секс-мекемелердің қызметін реттеу" туралы заң жобасы түсті. Құжатты "Самопомощь" партиясының депутаты Андрей Немировский тіркеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Жезөкшелік дамыған мемлекеттік реттеуді, жезөкшелердің әлеуметтік кепілдігін бекітуді, сонымен қатар бюджетке қаражат түсірудің қосымша қайнарын талап етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік реттеудің жоқтығы адам саудасының дамуына, зорлап мәжбүрлеудің дамуына әкеліп соғады, оның ішінде кәмелетке толмағандарды секс-бизнеске тарту көбейеді", - делінген заң жобасының түсіндірмесінде.

Құжатта жезөкшелік саласындағы құқықтық екіұштылық пен секс-мекемелердің криминалдық бизнестің негізі екендігі, ал мемлекеттік бюджеттің жезөкшеліктен салық немесе өзге де төлем түрлері ретінде табыс алып отырмағаны айтылады.

Осыған байланысты депутат жезөкшелік саласы мен секс-мекемелердің қызметін реттеуді нормалар бойынша бекітуді ұсынады. Оның айтуынша, бұл нормалар Еуропаның көптеген елінде қолданылады екен.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 қыркүйек 2015, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.