Атырау, 29 қараша 01:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Үйлеріңде отырыңдар, құстар тұмауратып жүр»

3 084 просмотра

Image 0Атыраулық аңшылар аңшылық маусымының ашылмай жатқанына наразы.

Естеріңізге салсақ, сәуір айында Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің сағасынан өлген бірқазандар табылған еді Бірқазандар неліктен қырылды?» мақаласын қараңыз). Кейіннен «Ақжайық» резерватына қарасты шалыга акваториясында шағала мен суқұзғынының өлекселері табылып, шетелге тексеруге жіберілді Өлі шағаларды Италияда тексереді» мақаласын қараңыз). Шілде айында ғалымдар суқұзғынның Н5N1 құс тұмауы вирусынан өлгенін анықтады Шалыгада өлген суқұзғыннан құс тұмауы табылды» мақаласын қараңыз). Сол айда Атырауға астаналық ғалымдар келіп, Шалыга аралынан зерттеу үшін бірнеше құс түрлерін атып алып, өздерімен бірге әкетті. Комиссия Атырауда күзгі суда жүзетін құстарды аулау маусымын 20 қыркүйекке дейін шегеруге шешім қабылдады.

- Атырау облысында 5,5 мың аңшы бар, олар, әрине, маусымның ашылуын кері шегеруге риза емес,- дейді облыстық аңшылар және балық аулаушылар қоғамының төрағасы Ғайнет ҚУАНҒАЛИ. – Дәстүр бойынша аңшылық маусымы қыркүйектің басында басталатын еді. Ресейде, Орал мен Ақтауда аңшылар сүйікті істеріне баяғыда кірісіп кетті. Атырауда аңшылық маусымы ашыла ма, тыйым сала ма, әлі белгісіз.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бас маманы Сақтап ӘЛІПҚАЙЫРОВТЫҢ айтуынша, қыркүйектің басында Сасық өзек булану алаңында қырыққа жуық әр түрлі құстардың – аққу, қасқалдақ, үйректердің өлекселері табылды. Қанаттылардың өлекселері облыстық ветеринариялық зертханаға, одан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлттық референттік орталығына жөнелтілді. Құстардың құс тұмауынан немесе мұнай қалдықтарынан уланып қырылғаны әлі белгісіз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қыркүйек 2015, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.