Атырау, 29 қараша 01:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Көрермен алдындағы ойын

2 784 просмотра

Image 02015 жылдың 8 қыркүйегінде Атырау облысының Әділет департаменті мен Прокуратура ғимаратының жанында «Каспиан Салфа Компани» ЖШС-нің мүддесін қорғап жүрмін деп, «Демос» Қоғамдық Бірлестігінің төрайымы Т.Қизатова көпшілік алдына бір өзі шығып сөз сөйледі. Осыған қатысты оның осы кезекті әрекеті сөз сөйлеу барысында айтылған тұлғалардың іскерлік абыройына нұқсан келтіру, сондай-ақ, құқыққорғау және мемлекеттік органдарды адастыру мақсатында көпшілік алдында жала жабу және жалған ақпарат беру болып табылатынын хабарлаймын.

Қазіргі уақытта мен, С.К.Отаров, «Каспиан Групп Констракшн» ЖШС етіп атауын өзім өзгерткен «Каспиан Салфа Компани» ЖШС-нің бірден бір заңды қатысушысы және директоры болып табыламын. Бұл ҚР заңнамасы, атап айтқанда, ҚР АК мен «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының нормалары қатаң сақталып жасалды.

Егер көпшілік алдында сөз сөйлеген Т.Қизатова менің әрекеттерім оның немесе біреулердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзды деп есептейтін болса, онда ол ҚР АІК-нің 8-бабына сәйкес, негізделген дәлелдерін ұсынып, талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

Алайда, менің бүкіл әрекеттерім заңды, негізді болып табылатынын түсіне отырып, аталмыш ханым жұртшылықты жаңылыстырып, тіпті мемлекеттік органдардың басшылары мен іске еш қатысы жоқ үшінші тұлғаларға күйе жағып, әлденеше рет айқай-шу шығарып жүр.

2008 жылдан бері біз өз құқығымызды және Т. Қизатова үнемі атымыздан сөз сөйлеп жүр деген тұлғалардың заңсыз әрекеттермен бұзылған заңды мүдделерін қорғап келе жатқанымызды еске салғым келеді («ҚР заңдарын орындамау үшін алыстан күйе жағу ма?», «Ұтылғандарын мойындамай отыр, «Ұтылғаны да жалған ба?», «Доғаратын кез келді» мақалаларын қараңыз). Бұл туралы көптеген сот актілері, соның ішінде ҚР Жоғарғы Сотының актісі бар. Соған сәйкес, біздің құқықтарымыз толықтай қалпына келтірілді.

7 жыл бойына біздің оппоненттеріміз заңды күшіне енген сот актілерін орындаған жоқ. Қазіргі жағдайда да біз ҚР заңнамасында қарастырылған өз құқығымызды пайдаландық және біздің заңды құқықтарымыз бен мүдделерімізді бұзатын қатысушы қатысушылар құрамынан шығарылды.

Сонымен қатар, кез-келген құқыққорғау органдарының өкілдерімен кездесіп, Т.Қизатованың негізсіз дәйектері бойынша бүкіл құжаттарды ұсынуға, осы көпжылдық даудың егжей-тегжейін түсіндіруге әзір екенімді мәлімдеймін. Оның көпшілік алдына шығып, айыптаудағы мақсаты жала жабу, жалған мәліметтер жеткізу, жұртшылықты, құқыққорғау және мемлекеттік органдарды адастыру екендігін ескере отырып, біз ҚР заңнамасында қарастырылған тиісті шараларды алатын боламыз.

«Каспиан Групп Констракшн» ЖШС директоры С.К. Отаров

(Жарнама негізінде)

9 қыркүйек 2015, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған