Атырау, 18 мамыр 21:05
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Екеуін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсады

3 372 просмотра

Image 0Бүгін, 8 қыркүйекте шамамен сағат 11-де Атырау қаласының Авангард ықшамауданында екі адамды өлтіру оқиғасы орын алды.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта бірқатар сотқа дейінгі сараптамалар мен тексерулер тағайындалды. Қала тұрғыны, 40 жастағы ер адамның 1980 және 1981 жылы туылған екі әйелді атып тастағаны белгілі. Екеуі де сол жерде көз жұмған. Содан соң Жайық өзенінің жағасынан оқ атқан ер адамның мүрдесі табылды. Болжам бойынша, ол өз өзіне қол жұмсаған. Сондай-ақ, үшеуінің де туыс адамдар екені анықталды.

Бейресми ақпарат көздерінің мәліметінше, ер адам қаладағы банктердің бірінде инкассатор болып жұмыс жасаған. Қайғылы оқиға қарсаңында, жұма күні ол әйелімен ажырасып, кейін оны табельдік тапаншамен атып өлтірген. Екінші құрбандық әйелінің сіңлісі екен.

Анастасия ПАСТУХОВА

8 қыркүйек 2015, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.