Атырау, 23 қараша 04:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Олардың қырық алтысы қалды

2 265 просмотра

Image 0Соңғы мәліметтер бойынша, қалада бар болғаны Ұлы Отан соғысының 46 ардагері қалған.

Атыраулық іздеуші және блогер Талғат ИЛЬЯСОВТЫҢ айтуынша, бұл майдангерлер жастарына және қауқарсыздықтарына қарамастан қаладағы шараларға қатысуға әзір. Осы блогердің арқасында әлеуметтік желілерде біздің облысымыздың соғыс ардагерлері туралы бейнероликтер жиі шығып тұрады.

- Мен ардагерлермен үнемі кездесіп тұрамын, олардың бәрі жалғыздыққа шағымданады, - дейді Т. Ильясов. – Олар өздеріне ең болмағанда бір-бірімен тілдесіп, бас қосуға мүмкіндік болу үшін, дастархан ұйымдастыруды өтінеді. Бірақ мұнымен мен емес, профильді ведомостволар, сонымен қатар, мәселен, Ардагерлер кеңесі айналысуы тиіс. Майдангерлердің бірі Бағыт ҚУАНЫШЕВ менімен соңғы сөйлескен кезінде: «Біз тірі тұрғанда, бізді пайдаланып, мектептерге, жоғарғы оқу орындарына шақырыңдар, біз қуана барамыз. Ал бара алмасақ, бізді алып кетсін» деген еді. Мұны басқа ардагерлер де құптайды.

Ардагерлерге, соның ішінде атыраулық ардагерлерге жігер берген соңғы оқиғалардан олардың қаһарман қала Керчьке сапарын атауға болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

8 қыркүйек 2015, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.