Атырау, 29 қараша 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​«Тарифтік» түсімдер қайда жұмсалды?

2 876 просмотра

Image 3«АЖЖ» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ Кезекті баспасөз турының барысында «Атырау жылу жүйелері» АҚ басшылығы журналистерді 2012-2014 жылдардағы инвестициялық бағдарламалардың орындалу нәтижелерімен таныстырды. Осы бағдарламаға қаржылардың кәсіпорынның жылу тарифтерін көтеру есебінен алынған және алып отырған түсімдерінен алынатындығын еске салу артықтық етпейді. Сондықтан «АЖЖ» тұрғындарға және тұтынушы кәсіпорындарға олардың ақшаларының қайта кеткенін әлсін әлі айтып отыруға міндетті.

ПРИВОКЗАЛЬНЫЙ МЕН ОҢ ЖАҚ ЖАҒАЛАУ ТЫНЫШ ҰЙЫҚТАЙ АЛАДЫ

Сонымен, жалпы осы мерзім ішінде «АЖЖ» АҚ-ын кеңейтуге, қайта жарақтауға 909,14 млн теңге жұмсау жоспарланды. Бұл, мәселен, жалпы ұзындығы 3,2 км-ден астам М3 пен М2 жылу магистралын байланыстыратын жылу тораптарының жүктеулі учаскесін қайта жарақтау. Бұл жерде Привокзальныйды жылумен қамтыған М2а және М1 жылу магистралдарының жүгі шамадан артық болғанын түсіндіру керек. Енді қаланың осынау аумақты ауданы қосымша М3 магистралын жабдықтайды. Осылайша соңғы жиырма жылдағы ең өзекті проблемалардың бірі шешілді. Привокзальный тұрғындары пәтерлеріндегі батареялардың анағұрлым қызуы жақсарғанын растап немесе теріске шығара алады.

Image 0

- Инвестициялық бағдарлама шеңберінде тағы бір үлкен іс жасалды – орталық көпір тіреулерінде тұрбасының диаметрі 426 мм болатын магистралды жылу жүйелерінің екінші желісі салынды. Айтпақшы, бүкіл оң жақ жағалауды жылумен қамтамасыз етіп отырған ұзындығы 1000 метр ескі жылу жүйелерінің бұл учаскесі қарқынды жүктеме жағдайында екі нормативтік мерзім шамасында – 40 жылдан астам уақыт қызмет етті, - деп атап өтті «АЖЖ» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ. – Бұл жерде қыста апат орын алса, оң жақ жағалау толықтай жылумен қамтусыз қалуы мүмкін еді. Ескі желіні ауыстырып, екіншісін салу арқылы біз бірнеше проблеманы шештік. Біріншіден, оң жақ жағалауды жылумен қамту сенімділігі артты, екіншіден, екінші желі есебінен учаскенің өткізу қабілетінің артуы қаланың оң жақ жағалауындағы жаңа нысандардың орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне қосымша жалғануына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, бұлар Нұрсая ықшамауданындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар.

ҚАЙДАН ҚАЗУ КЕРЕКТІГІН НАҚТЫ БІЛЕМІЗ

Image 1

Атырау жылу жүйелерінің тағы бір жетістігі – орталық жылу қосындарын желілік сулардың ультрадыбысты шығын өлшегіштерімен жарақтау:

- Нақты уақыт режимінде біздің диспетчерлер жылу беру динамикасына бақылау жасай алады. Бұл мониторинг жүйесі іздеу жылдамдығын арттырып, апатты жылыстауды жоюға мүмкіндік береді. Егер бұрын апат бригадасына бүкіл учаске бойынша жылыстау көздерін тіміскілеп іздеуге тура келсе, қазір біз осы бас ауруынан құтылдық, - деп атап өтті Н.Шамшатов.

Таяу уақытқа кәсіпорында сорғылардың электр жетектерінің жиілік өңдегішін енгізу жоспарланған, бұл электр энергиясын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

- Сондай-ақ, қазір 2016-2020 жылдардың жаңа инвестициялық бағдарламасы мақұлдану кезеңінде қаралуда. Жалпы, осы бағдарлама бойынша шығындардың 80 пайызы қолданыстағы және ескірген желілерді қайта жарақтауға және жаңғыртуға, сондай-ақ, жаңа магистралдарды салуға бағытталған деуге болады. Осы кезеңге ЖЭО-ның төртінші кезегін салу жоспарланды. Бұл мүлдем жаңа нысан, соның арқасында қалада жылудың екінші көзі пайда болады, - деді «АЖЖ» бастығы.

КЕҢЕСТІК ДӘУІРДІҢ ӨЗ МАҚТАНЫШЫ БАР

Image 2

Әрине, басқа қала тұрғындары секілді журналистерді де жыл сайын бүкіл қала бойынша ыстық суды ажыратып тастайтындығы ызаландырады. Шамшатов мұны мәжбүрлі шара деп атады:

- Мұндай ажыратулар посткеңестік кеңістіктің барлық қалаларының тәжірибесінде бар. Біздің жылумен қамту жүйесі осылайша жасалған. Бүкіл жылу жүйелерін белгілі бір уақытқа толықтай тоқтатпайынша болмайды. Бүкіл жаз бойына біз учаскелер бойынша ыстық сумен қамту жүйесін алма-кезек ажырата отырып, жөндеу және профилактикалық жұмыстарды бір шеңберде жасадық. Ажыратпайынша жөнделуі мүмкін емес жабдықты жөндеу үшін жылумен қамту жүйесін толықтай тоқтату қажет.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

7 қыркүйек 2015, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.