Атырау, 5 мамыр 09:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Нұрсаяда спорт кешені ашылды

7 625 просмотра


26 тамызда Нұрсая ықшамауданында жаңа спорт кешені есігін ашты. Онда олимпиада резервіне дайындау орталығы орналасқан. Іші жарық, кең спорт залдарында тек чемпиондар ғана емес, қарапайым қала балалары да жаттыға алады.

Олимпиада резервіне дайындау орталығының директоры Марат ЖАНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, спорт кешенінде волейбол, еркін және грек-рим күресі, бокс, таэквондо, дзюдо, көркем гимнастика секілді спорттың олимпиадалық түрлері бойынша секциялар жұмыс істейтін болады.

- Табысқа жеткен чемпиондармен, олимпиада орталығының спортшыларымен қатар бізде ниет білдірушілердің барлығы жаттыға алады.

Біз әр балада спорт секцияларына тегін бару мүмкіндігі болса екен дейміз. Оған қоса, біздің спорт мектебінің шәкірттеріне жақсы көрсеткіштер мен спорттық жетістіктерге жеткен кезде олимпиадалық резервке ілінуге мүмкіндіктері жоғары болады, - деп атап өтті орталықтың ашылу салтанатында М.Жанғалиев.

Орталықтың спорт мектебі қаланың бүкіл ауданынан 700-дей ұл бала мен қызды қабылдауға әзір. Бұдан басқа, жаңа спорт кешенінде «Атырау» волейбол клубының екі командасының базасы болады. Бұлар - 2014-2015 жылдары қола алқа иеленген суперлиганың (ҚР Ұлттық Лигасы) «Атырау» командасы мен А Жоғарғы Лигасының командасы (ол бұл Лигага өтіп қана қоймай, сол жерде үшінші орын иеленген).

- Қазір біздер, волейболшылар өз алдымызға қол жеткізген табысымызды ұстанып, дамып, жаңа биіктіктерді бағындырамыз деп мақсат қойып отырмыз. Ол үшін жергілікті спортшылардан болашақ чемпиондар тәрбиелеу керек. Сондықтан біздің базада барлық ниет білдірушілер білім ала алатын волейбол академиясы да жұмыс істейтін болады, - деді «Атырау» волейбол командасы» ЖШС директоры Болат ҚАБДРАХИЕВ.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

27 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.