Атырау, 28 қараша 23:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Марс жақын келмейді

8 304 просмотра

«27 тамызда Гринвич бойынша 00.30-да бүкіл әлем ең көріністі оқиғалардың бірін күтеді: Марс планетасы Жерге жақындап келіп, Айдың көлеміндей болып көрінеді. Түнгі аспандағы осы әсемдікті жіберіп алмаңыз. Өйткені келесі жолы Марс біздің планетамызға 2287 жылы жақындап келеді».

Осындай жарияланым бүкіл әлеуметтік желіге тарап, көп «лайк» пен осыны көргісі келетіндерді жинады. Алайда, анықталғандай, бұл жарияланым – теріс ақпараттың желілер бойынша қалай таралуының ашық мысалы болып шықты.

Атыраулықтар үшін ахуалды анықтау үшін біз Фесенков атындағы (Алматы қ.) Астрофизика институты зертханасының меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер Виктор Германович ТЕЙФЕЛЬГЕ хабарластық:

- Бұл нағыз сандырақ, - деп наразылық білдірді ғалым. – Бұл хабарламаның ғаламторды шарлап, бейхабар жандарды дүрліктіріп жүргеніне бірнеше жыл болды. Неліктен бұлай айтып отырғанымды түсіндірейін. Марстың Жерге жақын болатын кезін планета Күнге қарсы бағытта қарама-қарсы тұрған кезде бақылауға болады. Қарсы тұрыс әрбір 26 ай сайын Марс пен Жер орбиталарының түрлі нүктелерінде қайталанады. Бұл 15 жылда бір рет болады – мұны «ұлы қарсы тұрыс» деп атайды. Соңғы ұлы тұрысты біз 2003 жылдың тамызында байқадық. Бірақ сол кезде де Марс аспанда ғаламторда таралған ақпараттағыдай «толық Ай секілді» болған жоқ. Иә, ол әдеттегіден анағұрлым жақын әрі айқын болды. Бірақ Марс көлемінің көзге көрінуі шамалы, оның беткі қабатын тек телескоппен қарауға болады. Сондықтан, өкінішке орай, 27 тамызда 00.30-да түнгі аспаннан бірі қызыл, екіншісі ақ екі Айды ешкім көре алмайды.

Анастасия ПАСТУХОВА

26 тамыз 2015, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.