Атырау, 28 қараша 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түрмеден 60 минуттың ішінде шығып үлгер!

4 366 просмотра

Image 0Атыраудың сауықтыру түрлері тағы бір ойынға көбейді - әр адам түрмеде құлыпта отырып, жұмбақ шешуі немесе 60 минут ішінде бомбаны залалсыздандырып, салқынқандылық пен аңғарымпаздық таныту арқылы өз миының қабілетін біле алады.

Сабыр сақтаңыз! Бомба мен түрме шынайы емес, бірақ шарттың шынайы екендігі сондай, қанда автоматты түрде адреналин түзіледі.

Real Quest фирмасының бас директоры Жәния УКБАЕВАНЫҢ айтуынша, осы жердегі дүние жүзі бойынша танымал ойынды сексен шақты атыраулық мен қала меймандары ойнап үлгеріпті.

- Осы кезеңде әзірге екі сценарий болады, - дейді ол. – Біріншісі – бұл түрме. Ойыншы қамаудағы атмосфераға еніп, өзін тұтқын ретінде сезінеді. Тапсырма қарапайым – абақтыдан шығу керек. Бұл еліктіретін сюжеттік ойын, онда әр жұмбақ қатысушысы сіз болып табылатын бір хикаяның бір бөлігі болып табылады..

Мен түрмеде ойыншы ретінде емес, тілші ретінде болдым; түрме атмосферасы сайма-сай жарақталған: екі ярусты кереует, жолақты матрастар, темір тегене, унитаз, раковина, темір торлар, қабырғада үлкен өрмекші тұр...

- Осы бір жерде өлі тышқан болуы тиіс, - деп торды ашқан қыз немқұрайлы айтып өтті. - Ал мына жерде өлі күзетшінің тұлыбы жатыр. Қала тұрғындары тапсырма басталған кезде оны даусыз шешіндіреді, оның денесінен келесі кезеңге өтетін көмексөз іздейді.

Image 1- Тапсырманы орындай алып жүр ме?

– 50 де 50. Бүкіл орынжай бейнебақылау камераларымен, микрофондармен және динамикамен жарақталған, біздің оператор ойын барысына, қауіпсіздігіне мұқият бақылау жасайды және егер қажет болса, көмексөз айтуға дайын болады. Көбінесе адамдар көмекке жүгінеді. Олар ақымақ болғандықтан емес, осы ойынмен бұрыннан таныс Астанадағы, Алматыдағы кәнігі ойыншылардан айырма-шылығы – олар әзірге дұрыс бағытта ойлана алмайды, жасырылған нәрсені табу үшін бір нәрсені сыдырып немесе сындырып тастауға тырысады, ал ол кей уақытта беткі жағында жатады.

- Кім жақсырақ ұғынады – ерлер ме, әйелдер ме?

- Бұл тұрғыда айырмашылық көріп тұрғаным жоқ. Бірақ Атырауда көбінесе әйелдер командасы жиналады. ...Ал, міне, мына жерде басқа бөлме және басқа тапсырма болады. Оның мәнісі мынада: кезекші бөлімнің пультіне мектептердің біріне қойылған жарылыс құрылғысы туралы хабарлаған қоңырау келіп түседі. Бомбаны табу үшін ойыншылардың тек бір сағат уақыты бар. Осы бөлмедегі бүкіл заттардың маңызы бар, сыныптың кілтін табу керек. Ал, мынау, сыныптың өзі...

Сынып шынайы көрінеді: қабырғада танымал адамдардың портреттері, мұғалім үстелі, парта үстінде дәптерлер мен қаламдар жатыр. Оқушылар өз сөмкелерін қалдырып, үзіліске шығып кеткендей, қоңырау енді-енді соғатындай әсер қалдырады. Алайда осы жерде бомба салынған: оны кім қойған және оны қалай залалсыздандыруға болады? Бәріне талдау жасау керек, осы бөлмедегінің бәрі маңызды.

Әзірге бұл ойын енді таралуда, оның құны символикалық түрде белгіленген. Ұйымдастырушылар уақыт өте келе квесттердің көбейетініне сендіреді.

Анастасия ПАСТУХОВА

27 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.