Атырау, 28 қараша 23:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Бруцеллез енді Құрманғазыдан шықты

3 518 просмотра

Image 0Бруцеллез індеті жалғасуда. Қызылқоға ауданындағы мал басының кемуіне әкеліп соқтырған індет әуелі Индер ауданына, енді Құрманғазы ауданына да жетті.

Зертханалық тексерістің нәтижесінде 225 ірі қарадан бруцеллез анықталды. Жұқтыру жағдайлары Сүйіндік, Ганюшкин, Дәшін, Сафон, Бірлік, Балқұдық ауылдарында тіркелген. Әлі де 10 мың сиыр, 60 мың қой-ешкіден қан алу жүріп жатыр. Бұл науқан желтоқсанның аяғына дейін жалғаспақ.

- Уақ жандықтар мен түйе малы арасында бұл ауру таралып үлгерген жоқ. Қазір біз ауруға шалдыққан ірі қара малын дереу оқшаулап, «Мақаш» мал сою пунктіне жеткіземіз, - дейді Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Әбдірахман АЛИМБАЙ.

Ляззат ҚАРАЖАНОВА

27 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.