Атырау, 7 қазан 11:32
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

БҒМ: Қазақстанда ҰБТ-ны онлайн режімде өткізу мүмкіндігі қарастырылуда

1 961 просмотра

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілуді онлайн режімде өткізу мүмкіндігі қарастырып отыр, деп хабарлады сәрсенбіде осы ведомствоның басшысы Аслан Сәрінжіпов.

АСТАНА, 26 там — Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілуді онлайн режімде өткізу мүмкіндігі қарастырып отыр, деп хабарлады сәрсенбіде осы ведомствоның басшысы Аслан Сәрінжіпов.

"Бүгінде біздің басты мақсатымыз білім берудің мазмұнын жетілдіру болып табылады, ал бағалау жүйесі мазмұнмен тікелей байланған. Яғни, егер де біз білімді дамытуға ғана емес, сонымен қатар дағды мен компетенцияны дамытуға екпін қоятындығымызды айтатын болсақ, онда сәйкесінше осы дағдыны бағалай алатын жүйе қажет болады. Биыл біз ҰБТ-ны әкімшілеу мәселелерін жаңғырту бойынша жұмысты жалғастырамыз", — деді Сәрінжіпов брифинг барысында.

"Бағалаудың жаңа жүйесіне тоқталатын болсақ, осы бағытта түрлі нұсқаларды қарастырамыз. Оның ішінде ҰБТ-ны онлайн түрде тапсыру да бар. Кеше біз тиісті ұсыныстарды талқыладық. Бұларды бейінді және базалық емтихандар болуы үшін қазіргі кезде бақылау бойынша комитет әзірлеп жатыр. Осы жұмыстарды біз жалғастырмақпыз", — деді ведомство басшысы.

Дереккөз: newskaz.kz

26 тамыз 2015, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.