Атырау, 9 қараша 21:27
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

ТШО қызметкерлерінің қаржылық айла-шарғылары әшкереленді

1 926 просмотра

Бейресми ақпарат көздерінен белгілі болғандай, бүгінгі күні ірі мұнай компаниясының 70 шақты қызметкері жұмыстарынан айырылды.

Бұл  фактіні салық қызметкерлері астаналық мейманханалардың бірінен анықтады. Қонақ үйде есептелінген салықтар қонақтардың нақты санына сәйкес келмегендігі тексерушілердің назарын аударған. Астанаға іссапарға жіберілген ТШО-ның бірқатар қызметкерлері «крутой» қонақ үйлерге белгіленіп, өздері пәтерлерде тұрған, ал ақша айырмашылығын өз қалталарына басқан. Бұдан кейін салық қызметкерлері «Теңізшевройлдың» өзін тексере бастаған. Бүгінгі күні соңғы жылдар ішіндегі бүкіл қаржы құжаттары тексеріліп жатыр. Еңбекақы есептейтін бухгалтердің ауысқандығы туралы ақпарат бар.

ТШО баспасөз қызметіне жазбаша сауал жібергенімізде, олар қызметкерлердің қаржылық мәселелерге байланысты жаппай жұмыстан босатылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығармады. Алайда ҚР Еңбек Кодексіне (Ерекші бөлім. 2-бөлім. 5-тарау. Қызметкердің жеке деректерін қорғау) байланысты қызметкерлер жөніндегі ақпараттың құпиялылығына сілтеді. 

Облыстық салық департаментінен келген жазбаша жауапқа сәйкес, «ТШО» ЖШС-не қатысты ақпарат «салықтық құпияға жатады» екен.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

27 қазан 2011, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.