«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау мұнай және газ институтымен және «АРЕС Petrotechnic» Жоғарғы техникалық мектебімен бірігіп, студенттерді дуалды оқыту бойынша пилотты жобаны іске қосуда.
Пилотты жобаға көбінесе Атырау облысының 3-4 курсының 34 студенті қатысады. Оқыту және өз білімін қолдану сызбасы қарапайым: жарты айда студенттер оқу орындарында білім алып, ал келесі жарты айда ЕМГ өндірістік бөлімшелерінің -«Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз» және «Қайнармұнайгаз» МГӨБ кеніштерінде практикалық тәжірибе алады. Тәжірибеден бөлек студенттер табыс табу мүмкіндігіне ие болады. 60 мың теңге көлеміндегі жалақы мен жаңа оқыту әдісін ұйымдастыру жөніндегі бүкіл қалған шығындарды ЕМГ өз мойнына алды.
Оқу аяқталған соң студенттер «ұңғыманы зерттеу жөніндегі оператор» мамандығы бойынша біліктілік емтиханын тапсыруы тиіс. Соның қорытындысы бойынша оларға еңбек кітапшасына біліктілік санаты берілгені туралы жазып береді. Біліктіліктің болуы түлектерге жұмысқа орналасу кезінде көмектесуі мүмкін.
- Мұнай бағасының төмендеуінен туындаған күрделі қаржылық жағдайға қарамастан, біз осы жобаны жүзеге асырмақшымыз. Біз қазір дуалды оқытуды енгізу ісінде пионер болып табыламыз, - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ.
Болашақта дуалды оқыту және кадрларды дайындау жобасын кеңейту үшін кәсіпорын Құлсарыдағы кеніштен оқыту-сынақ полигонын салуды жобалайды.
Кешен жатақханадан, оқу корпустарынан, мұнай-кәсіпшілігінің жабдықтарын орнатудан және ұңғыманы жөндеуден тұратын болады. ЕМГ басшысының айтуынша, полигонның білім беру қызметіне геофизика, модельдеу, қабаттардың мұнай беруін арттыру және мұнай өндіруде жаңа технологияларды енгізу саласында қызмет көрсететін белгілі компаниялар қызығушылық білдірген.
Зульфия ИСКАЛИЕВА