Атырау, 18 мамыр 21:05
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оңтүстіктен келген тасымалдаушы 10 келі анаша әкелді

1 644 просмотра

Бүгін, 25 тамызда сағат күндізгі 11.30 шамасында Драма театр маңындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен криминалдық полиция қызметкерлері анашаның ірі партиясын тасымалдаушыны ұстады.

Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марат ТАҒАНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, қазір табылған анашаға ұқсас «күңгірт қоңыр түсті» затты анықтау бойынша сараптама тағайындалды. Күдікті 30 жастағы Тараз қаласының тұрғыны, бұрын сотталмаған. Ол Атырауға өз көлігімен келген, жалпы салмағы 10 келідей болатын есірткі заттары сол көлікте болған. Сонымен қатар, көлік салонынан Макаров тапаншасы да табылды. Ер адам уақытша қамау орнына тоғытылды.

Анастасия ПАСТУХОВА
25 тамыз 2015, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.