Атырау, 26 қараша 01:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қырғызстанда импорт көлемі артты

1 854 просмотра

Image 0

ЕАЭО елдері шекарасындағы кедендік бақылау доғарылған екі апта ішінде Қырғызстанда импорт экспорттан асып кетті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Қырғызстан экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Одаққа мүше болған алғашқы күндері Республикатауарлардың көбін Қырғызстан мен Қазақстанға ғана шығарған. Текстильді тауарлар, жеміс-жидектер мен көкөністер де жеткізілді. Ведомствоның мәліметінше, қазір импорт көлемі экспорттан алғаш рет асып отыр.

2015 жылдың 12 тамыздан бастап Қырғызстанға 1483 жүк көлігі кірсе, ЕАЭО елдеріне 1228 көлік шықты. Дегенмен тек соңғы күндердің өзінде 41 көлік елге кірсе, 14 жүк көлігі ғана елден шыққан. Мамандар ЕАЭО елдерінің тауарлары елдегі Қытай тауарларының орнын басады деп болжап отыр.

Еске сала ктеейік, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы кедендік бақылау 12 тамызда доғарылды. Шекараны ашу туралы өкімді Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев телекөпір арқылы шығарды.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 тамыз 2015, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.