Солтүстік және Оңтүстік Корея екі ел арасындағы кикілжіңді реттеу бойынша ортақ мәмілеге келді.
2 сағатқа созылған келіссөздер бейтарап шекара бойында орналасқан Пханмунджоме ауылында өткен. Сеул Солтүстік Кореяға қарсы дауыс зорайтқыш арқылы жүргізіліп келген теріс үгіт-насихат жасауын тоқтатын болды. Ал Пхеньян өз кезегінде шекара аумағына миналар жасырғаны үшін өкініш білдірді.
Осының алдында оңтүстіккореялық 2 сарбаз жерасты жарылғыш заттарды басып кетіп, аяқтарынан айырылған болатын. Енді бауырлас елдер жақын арада тағы да келіссөздер өткізетін болып келісіп отыр.
Үкіметтік деңгейдегі кездесу не Сеулде, не Пхеньянда өтпек. Айта кетейік, көрші мемлекеттердің арасы 20 тамызда екіжақты зеңбірек атысынан кейін ушығып еткен болатын. Ким Мин Сок, Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігінің өкілі: - Солтүстік Корея әскерін шекара жақтан ақырындап әкетіп жатыр. Бұл біраз уақытты алады.
Тиісінше, біздің соғысуға дайын тұрған әскеріміз де біртіндеп тарай бастайды. Бірақ біз Солүстік Корея тарапынан жасалатын кез келген арандату әрекетіне әрқашан әзір тұрамыз.
Дереккөз: 24.kz