Нұрсая ықшамауданында 8 жасар баланың жылу желісінің тас жабындысының астына түсіп қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық іс «қылмыстық құрамы болмағандықтан» жабылды.
Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 9 сәуірінде №7 үйдің маңында орын алды: жылу желісінің тас жабындысы ойнап жүрген 8 жасар Расул АЛПЫСБАЙДЫҢ үстіне құлап, алған жарақаттардан бала қайтыс болды («Баланы бетон жабынды басып қалды» мақаласын қараңыз). «Абайсызда ауыр зардаптар әкелген немқұрайлылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«...Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің қызметтік актісі қорытындысы негізінде жұмыс беруші, бұл жағдайда «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, жұмыс жүргізу кезінде еңбек заңнамаларын бұзбаған. Осыған байланысты іс-әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының жоқтығынан іс өндірісі тоқтатылды»,- деп түсінік берді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВА.
Анастасия ПАСТУХОВА