Атырау, 19 мамыр 09:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қытайдағы жарылыстан 7 адам мерт болды (ВИДЕО)

2 276 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы Бинхай ауданында қуатты жарылыс орын алды, деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс дүмпуінен бірқатар тұрғын үйлердің әйнектері сынған. Жарылыс болған ауданда ірі өрт шықты.

Әзірге оқиғаның себептері туралы ақпарат жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша 50-ден астам адамның зардап шеккені белгілі. Кей БАҚ-тардың хабарлауынша, жарылыс жанар-жағармай стансасында болғанға ұқсайды.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Тяньцзинь қаласында қауіпті заттары бар контейнердің жарылуынан болған өртті өшіруге 100-ге жуық өрт сөндіру көлігі жіберілді, деп хабарлайды CCTV телеарнасы.

Логистикалық компанияға тиесілі қауіпті заттары бар контейнер сәрсенбі күні сағат 23.30 шамасында екі рет қатарынан жарылған. Жарылыс салдарынан көптеген тұрғын үйлер, көліктер зардап шеккен.

"Жэньминь жибао" басылымының хабарлауынша, оқиға салдарынан 7 адам ажал құшқан, "People's Daily" басылымы 300-400 адамның зардап шеккенін

Дереккөз: inform.kz


13 тамыз 2015, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.