1 қыркүйек таяп қалды, оқу құрал-жабдықтарын жинақтайтын кез келді. «Ұлы әрі сұмдық күннің» алдындағы күйзеліс градусын төмендету үшін біз бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына көмек ретінде нені, қайдан, қаншадан алуға болатынын құлаққағыс етуді ұйғардық.
Оқу жылына әзірлік науқанының бюджеті отбасылық кіріске байланысты, алайда оны азайтуға тырысқанымызбен, ол едәуір шығындарды қажет етеді. Сонымен бұл шығындардың екі бабы бар: киім-кешек және құрал-жабдықтары бар мектеп сөмкесі. Киімнен бастайық. Біз екі тізім жасақтадық.
ҰЛ БАЛА ҮШІН НЕГІЗГІ ТІЗІМ
1. Салтанатты сап пен түрлі шараларға арналған «бабочкалы» немесе галстукты салтанатты үштік (тройка) костюм. Бұл тізімнің басында тұрғанымен, 6 жасарлар үшін пиджак сатып алу міндетті емес. Мектеп шаралары үшін классикалық «жоғары жағына ақ, төменгі жағына қара» үйлесімі де жарайды. Егер пиджак сіз үшін міндетті атрибут болса, онда оның бағасы қытайлық өндірістен шыққаны үшін 10 мың теңгеден басталып, 22 мың теңгеге дейін жетеді.
Мектептердің көпшілігі бірыңғай үлгідегі форма міндетті деген шартты енгізуде. Егер сіздің мектебіңізде осындай талап қолданыста болса, сізге форма жилеті үшін мата таңдап, өзіңіз тіге алмасаңыз, тігінші табуыңызға тура келеді. Әдетте, бұл тор көзді мата болып келеді. Мектебіңіз жарғы бойынша тиесілі реңі мен суреті туралы хабарлауы тиіс. Арнайы бөлімдерде тиісті суреті бар «габардин» деген атауы бар синтетиканың бір метрі 850 теңге тұрады. Табиғи маталар 2900 теңгеден басталады. Бірінші сынып оқушысына негізгі матаның
Ақ жейде. Барлық мектепте дерлік осы қатаң талап қолданыста. Балалардың жас ерекшелігін ескеріп, оны жиі жууға тура келеді. Сондықтан ең болмағанда үш данасы болғаны жақсы. Ұзын жеңді екеуі және қысқа жеңді біреуі. Матаның құрамына және шығарылған жеріне қарай бағалар түрік өндірісінен шыққаны үшін 3000 теңге, қытайлық 1000-2000 теңге аралығында болады.
Шалбар – 2 жұп қарапайым және жұп қара джинсы алғаныңыз жақсы. Шалбарды 3500-7000 теңгеге сатып алуға болады.
Сәнді туфли. Былғары Түркиядан шығарылған – 12-ден 18 мыңға дейін, қытайлық өндірістен шыққан әлденеше есе арзан, Оңтүстік Кореядан шыққан туфли де бар, ол үшін 7000 теңге сұрайды.
Ауыстыратын аяқ киім. Табиғи материалдан жасалған ыңғайлы аяқ киім алуға кеңес беріледі. Өйткені, жарты күн бойына көп салмақ соған түседі. Бұл тағы 3-6 мың теңге.
Спорттық форма. Қыркүйекте жазғы шортылар (2-3 мың) мен футболкалар (1 000 – 4 000 теңге) бара береді, ал қысқы уақытқа спорттық костюм (4500 теңгеден бастап) немесе ұзын жеңді футболкамен (2000-4000) бірге жаттығу шалбарларын (2-5 мың теңге) сатып алу керек.
Кроссовкалар немесе кедылар. Егер сіз «Converse», Adidas, Reebok немесе Nike киіп әдеттенген болсаңыз, 7-ден 24 мың теңгеге дейін ақшаңызды жұмсауға дайын болыңыз. Қарапайым спорттық туфлилерді 3-тен 7 мың теңгеге дейін сатып алуға болады.
Шұлықтар. Мектеп өз жарғысы бар салмақты мекеме. Бірінші сынып оқушысы әлі бала болғанымен, есейіп келе жатқандықтан оған ашық көгілдір-сарғылт жолақты емес, аяқ киіміне түстес нағыз ер адамның шұлығы керек. Атыраудағы танымал тоқыма брендтердің желілік дүкендерінде үш пар шұлық жиынтығы 1500-1700 теңгеге шығады. Базардан бір парын 250-300 теңгеге сатып алуға болады. Мен онлайн арқылы 2050 теңгеге жеті пар қара мақта шұлыққа тапсырыс бердім.
ҚЫЗДАР ҮШІН НЕГІЗГІ ТІЗІМ
Блузка. Түркиядан шығарылған түрі базарларда (біз «Дина» базарын зерттедік) 7 000 теңгеден басталады, Қытай мен Қырғызстаннан (Бішкек тауарлары бүгінде қазақстандық нарықта Қытай тауарларына бәсекелес болған) шығарылған бір баға сегментімен – 3 000 – 3 500 теңге болады.
Сарафан – арзандауы 3 500 – 5 000 теңгеден және түркиялық түрі 7 000 теңгеден басталады.
Бірыңғай формасы бар мектептерде белдемше жилет тігілген матадан болуы тиіс. Жилеттің бағасы жоғарыдан қараңыз. Юбканы тігу 3 000 теңгеден басталады.
Туфли – қырғызстандық 4 000 теңгеге дейін, ресейлік – 4 000 теңгеден жоғары, түркиялық – 5 000 – 8 000 теңге. Тағы ауыстыратын аяқ киім керек, бұл тағы 3 000 – 6 000 теңге керек.
Бантиктер. Оларсыз қалай болады? Бір пары 1 000 теңге тұрады.
Колготки – ақ түсі 800 теңге.
Ақ гольфының бір пары 400 теңге.
Дене шынықтыруға арналған комплект: футболка (1 000 – 3 000 теңге), шорты (2 000 – 4 000), трико/спорттық костюм (3 000), ұзын жеңді футболка (1500-2500), спорттық туфли (4 000 – 7 000).
Барлығы: негізгі киім-кешек шығындары, шамамен, 25 мың теңгеден басталады. Егер сіз қымбат брендтерді жөн көрсеңіз, шексіз кете береді.
ҒАЛАМТОРДА АРЗАНДАУ
Тағы бір нұсқасы бар, бұл көпшілігі қымбат әрі қолайсыз деп жаңсақ санайтын онлайн-сатып алу. Әсіресе, базарда әрқашан да арзан деп санайтындар таң қалады. Көптеген онлайн-ритейлер қысқа мерзімде және азғана ақшаға, егер тапсырыс құны белгілі бір сомадан асса, көбінесе тегін жеткізіп береді. Оның үстіне интернет-дүкендерде үнемі жеңілдіктер мен түрлі акциялар болып тұрады. Мектеп құрал-жабдықтарын сатып алу үшін мен өзін жақсы көрсеткен, тексеруден өткен және бағалары қолайлы балалар тауарларының британдық сайтын қарап жүрмін. Ол жерде жейделердің бағасы 2 данасы 2050 теңгеден басталады. Қарапайым мектеп шалбарларын осы сомаға, былғары туфлилерді 8 770 теңгеге сатып алуға болады. Жалпы, смартфоныңыз болса, интернет арқылы бүгінгі күні мектепке баланы сапалы әрі қымбат емес киімдермен киіндіруге болады: орап, тауарларға бақылау жасау кодын беріп, үйіңізге ақшасын төлегеннен кейін бірнеше күннен соң тегін әкеліп береді. Қапырық базарға барып, өзіңіз бен баланы азапқа салып, көп ақша жұмсаудың қажеті қанша? Мұны еш әбігерсіз, диваныңызда, салқындатқыштың астында жатып жүзеге асыруға болады.
АРҚАҚОРЖЫН МЕН ОНЫҢ ІШІНДЕГІЛЕР
Тағы бір шығындар бабы – кеңсе тауарлары, бірақ алдымен арқақоржын таңдау керек. Мүсінін ауыр қолайсыз қоржынмен бұзбас үшін ортеопедиялық түрі болғаны жақсы. Арқасы жақсартылған арқақоржындар кеңсе тауарлары дүкенінің желісінде 7800 теңге тұрады. Осы нарықтағы ең жақсы танылғаны – неміс және жапондық брендтер. Оларға ғаламтор арқылы тапсырыс беруге болады. Жақсы пікірлер айтылған түрлері 30-дан 45 мың теңгеге дейін тұрады. Егер бұл мәселе принципке сай келмесе, базардан қарапайым арқақоржынды 3500 теңгеге сатып алуға болады. Ал орташа алғанда олар 5000-7000 теңге тұрады.
Ал енді бұл қоржынды толтырамыз.
Қисық сызықты, қарапайым сызықты және тор көзді дәптерлер – 1 данасы 10 теңгеден
1-3 сыныптарға арналған күнделік – 250 теңге
Пенал – 385-тен 3 500 теңгеге дейін (ішінде: қарындаш, кетіргіш, фломастерлері бар…)
Шарикті қалам (көк, қызыл) 15-тен 75 теңгеге дейін, кішкентай саусақтар аз шаршайтын анатомиялық түрлері бар деседі. Бірақ бізден ондайды таппадым. Егер сіздің балаңыз солақай болса, олар үшін арнайы қалам шығарылыпты - 267 теңге.
Қарапайым қарындаш (сәбилер үшін «М» белгісі бар жұмсағын алған жақсы – олар кетіргішпен жақсы кетеді және жақсы түседі) – данасы 12-ден 40 теңгеге дейін.
Түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы (12 түс, «М» белгісі бары жақсы – 220-дан 639 теңгеге дейін.
Кетіргіш – 13-тен 75 теңгеге дейін.
Төгілмейтін стакан – 70 теңгеден басталады.
Акварель бояулар (егер сәби бәрін аузына салса, «балды» түрін алыңыз – олар қауіпсіз), 12 түсі – 113 теңгеден басталады.
Қылқалам – бір данасы 55 теңгеден басталады.
Сурет салуға арналған альбом: 12 парақтысы – 70 теңгеден басталады.
Түрлі-түсті қағаз, 10 парақ – 112 теңгеден басталады.
Ермексаз, 12 түсті – 156 теңгеден басталады.
Жабыстыруға арналған тақта – 130 теңгеден басталады.
Еңбекке арналған жеңқап және алжапқыш – 1500 теңге
Желім-қарындаш – 60 теңге
Қайшы – 155 теңге
Сызғыш, 15 см, ағаш – 33 теңге
Фломастерлер жиынтығы, 12 түс – 310-нан 450 теңгеге дейін.
Кітап қаптауға арналған тыс, әдетте 20 данадан тұратын жиынтықпен сатылады – жұмсақ мөлдір түстісі 190 теңге, мықты гельді түрі 10 данасы – 395 теңге
Дәптер қабы – жұқа 20 данасы 100 теңге, гель түрі 10 данасы – 340 теңге
Түрлі-түсті картон, 10 парағы - 192 теңге
Ақ картон, 8 парағы – 109 теңге
Еңбек сабағына арналған папка – 690 теңгеден басталады
Аяқ киімге арналған сөмке – 890 теңге
Қарындаш ұштағыш - 40 теңгеден басталады.
САБЫР САҚТАҢЫЗДАР!
Соңғы кеңес – осы сауда соңында өзіңізге де бір нәрсе сатып алыңыз. Шүйгіншөп тұнбасы 1 қыркүйекте де, сіз үшін жаңа уақытқа үйренетін алдағы апталар үшін де: балалармен үй тапсырмасын орындау кезінде жүйкеңізді тыныштандыруға көмектеседі. Немесе әлеуметтік желілердегі «Жуық арада! Еліміздің барлық пәтерлерінде: сабақтар оқылды! Анасы қарлығып қалды, қызы саңырау болып қалды, ал ит қайталап айтып берді...» деген демотиватордың авторы келемеж етіп отырғандар санатына ілікпес үшін бірден репетиторды жалдаңыз.
Жаратушы ием, осы оқу жылынан аман-есен өтуге төзім мен жігер бере гөр!
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА