Атырау, 5 мамыр 12:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Әртіс пен төрешіге қарсы тұру

2 051 просмотра

Image 1Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал ДҮСІПОВ (ортада)

Үндістанның Пуна қаласында өткен кикбоксингтен Азия чемпионатында Атыраудан қатысқан екі спортшы қос күміс медаль алды.

Атыраудан Үндістанға ұлттық құрама сапында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал ДҮСІПОВ пен ҚР спорт шебері Мейірлан ӘСЕТ барды.

Абзал өзінің алғашқы айқасында қарсыласын бүйірден ұрып, нокаутқа жіберді, ал Мейірлан 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Сүндеткерей Қасанғалиев, Данияр Жүсіпов, Рүстем Қисметов, Ерлан Сахипов және Қуанышбек Қосақов жетекшілігімен жасалған жаттығулар зая кетпеді. Алайда бұл бастамасы ғана еді.

Келесі айқасында Абзал дәстүр бойынша тайпейлік қарсыласын нокаутқа жіберді, ал, Мейірлан ирандық спортшыдан басында ұтылып жатып, жігерін қолына алып, айқасты жеңіспен аяқтады.

Спортшылардың барлық айқастарын жіті қарап отырған әлеуметтік желі қауымдастығы жігіттеріміздің финалға шыққанына куә болды және оларды «атыраулық арыстандарымыз» деп атады. Барлығы да жанкүйерлік танытты.

Image 2ҚР спорт шебері Мейірлан ӘСЕТ (ортада) Абзал финалда бұған дейін қәсіпқойлар арасында Азия чемпионы атағы үшін айқасқан иорданиялық спортшы Адай Әлимен тағы кездесті.

- Абзал бірінші раундта Адайды нокаутқа жібергенде төрешілер Адайдың жалған әрекетіне алданып, бүйірден соққан соққыны есептемей қалды, - дейді облыстық кикбоксинг федерациясының директоры Ерік БОТАХАНОВ. – Ол, әрине, керемет актерлік өнер көрсетті: Абзал өзін бүйірден емес, қуықтан тепті деп бүк түсті. Ал, бұл - тыйым салынған әдіс. Бұл аз дегендей, Абзал қалған төрт раунд бойы оны соққының астына алып, әдемі техника көрсетіп, қуып жүріп соқты.

Image 0

Бұл финалда Абзал фаворит саналған, алайда, бір таңғаларлығы, төрешілер оның бірталай соққысын есептемеді, ал, қарсыласына үсті-үстіне ұпай қоса берді. Нәтижесінде жеңісті иордандыққа берді.

Мейірлан да ақтық айқасында иорданиялық спортшымен шығып, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Жаттықтырушыларының айтуынша, ол бастапқы қарқынын соңына дейін ұстай алмады, үшінші раундта физикалық дайындығы жетпеді. Нәтижесінде жеңіліс тапты.

- Біз Абзал мен Әлидің айқасын дұрыс бағаламаған төрешілерді айыптап, кінәлілерді іздегіміз келмейді. Біз екі күміс медаль ұттық, бұл да жақсы, - дейді жаттықтырушылар. – Қалай дегенмен де, жігіттер тек соққы беріп қана қоймай, соққыға да төзе білуі керек қой.

Спортшыларды қарашада Дублинде өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр.

Суреттерді облыстық кикбоксинг федерациясы ұсынды

Анастасия ПАСТУХОВА

13 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.