Бельгияның Soltech компаниясы Индер ауданы Елтай ауылында күн электр стансасын салмақшы.
Осыған орай облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВПЕН кездесуде Soltech компаниясының бас менеджері Мишель КАЛЛЕРАМИ, Қазақстан жағынан тете-призиденті Жером АЛЬБА «Soltech Қазақстан» бірлескен кәсіпорнын құру туралы меморандумға қол қойды.
- Біз бұл жобаны жүзеге асырудағы жұмыстарға белсене араласамыз, - дейді Индер ауданы әкімі Серік АРЫСТАН. - Елтай окугінен
Сарапшылар жобаны пысықтаған соң күннен қуат алатын электр стансасы мен жылыжай кешенін салу жоспарланып отыр. Жобаның құны - 92 млн еуро. Жылыжай шаруашылығында тағамдық томаттар, салаттар дақылдары өсіріледі. Сондай-ақ, бағалы балық өндірісін дамыту, шұбатты экспортқа дайындау қарастырылған.
Жұмыс осы жылдың қазанында басталып, 2016 жылдың жазында бітпекші.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА