Атырау, 28 қараша 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Шаршы алаңдар тапшы

2 741 просмотра

Image 0Исатай ауданында бүгінгі күні пәтер алу туралы 500-ге жуық өтініш тіркелген. Алайда, ауданда қазір дайын тұрған жаңа баспана жоқ.

Исатайлықтар аудан орталығы Аққыстауда өткен жылдан құрылысы жүріп жатқан жалдамалы үш қабатты 60 пәтерлік бір үй мен 10 жеке үйдің пайдалануын асыға күтіп жүр.

- Былтыр 10 үй салынып бітті, бірақ кілттері ешкімге тапсырылған жоқ. Ал, баспанаға мұқтаждар жетерлік. Билік мұнда жас мамандар тұрақтамайды дейді, ал алдымен үй мәселесін шешіп алу керек қой, - дейді ауыл тұрғындары.

«Өркен» ықшамауданындағы «ГилСер» ЖШС салған он үйдің құрылысы (суретте) өткен жылы біткенімен, шынымен де, бос тұр. Құрылыс жұмысы 146 млн теңгеге шыққан. Сол ықшамауданда тағы бір 60 пәтерлік үйдің құрылысы жүруде. Мердігер - «АзияТехСтрой» ЖШС. Бюджеті - 691 млн 890 мың теңге.

- Аздаған ішкі жұмыстар қалды. Жұмыс қолы жеткілікті. Материалдардан кідіріс жоқ, - деп хабарлады учаске бастығы Нұрлан ЖАЗЫҚБАЕВ. - Бұл үйге дейін жол салынып тұр.

- Он үйдің пайдаланылуға берілмеуінің себебі - канализация мәселесінің шешілмеуінен. Осы айдың аяғына таман үйлер түгел пайдаланылуға беріледі, - деді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВ.

- Үйлер кімге беріледі?

- Алдымен жас мамандарға, дәрігерлер мен мұғалімдерге, бюджет қызметкерлеріне беріледі. Сосын кезек бойынша. Біз тағы да 60 пәтерлік үш қабатты үйдің ЖСҚ жасақтап қойдық. Қаржы бөлінсе, онда үй салынады. Бірақ бұл бәрібір баспана мәселесін шешпейді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.