АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия өкіметі ежелгі заманда гладиаторлар шайқасқан атақты Колизей аренасын жаңғыртуға 18 млн. еуродан астам қаржы бөлді, деп хабарлады Еuromag.ru.
«Біз уәдемізде тұрдық - Колизейдің аренасы жаңғыртылады. Жаңғырту жоспары қаржыландырылады», - деп жазды мәдениет министрі Дарио Франческини Твиттерде.
The Local басылымы 18,5 млн. еуро аренаны қалпына келтіруге жұмсалады, болашақта мұнда заманауи мәдени шаралар өткізілуі мүмкін, деп нақтылады.
Ел өкіметі тарихи ғимараттар мен музейлерге барлығы 80 млн. еуро жұмсайды. Олардың 18 миллионы Флоренциядағы Уффици галереясын кеңейтуге жұмсалады, 5 млн. Пизедегі ескі кемелер музейіне, 1998 жылы табылған тоғыз римдік жүк кемелерін жөндеуге бөлінеді, олар жақында жұртшылыққа ұсынылады.
Дереккөз: inform.kz