Атырау, 28 қараша 21:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Құбырдағы сасық дәм

3 730 просмотра

Image 0Өткен аптаның аяғынан бері Атыраудың түрлі ықшамдаудандарының тұрғындары ауыз судың сапасы едәуір нашарлап кеткен деп дабыл қағуда. «Атырау Су Арнасы» мамандарының растауынша, бүкіл проблема «бастапқы шикізатта» - Жайық суында екен. Қазір Жайық-Орал бассейндік басқармасы өзендегі судың нашарлау себептерін анықтауда.

Адамдар су сапасына шағымдана бастады – химиялық иісі бар (кейбірі дуст иісі шығады деп растайды), тығыздығы – майлы, түсі - өткен аптаның аяғында қоңыр түсті болған, содан кейін сарғылт реңге ие болған. Бұл тақырып әлеуметтік желілерде қызу талқылануда, мобильдік «WhatsApp» қосымшасында суға күшті химиялық реагенттер қосылған, сондықтан оны ішпек түгілі, тамақ дайындау кезінде қолдануға, оған балалар киімін жууға болмайды деген сілтеме ақпараттар тарауда.

- Біз жұмадан бері қарай құбыр суын пайдаланып жүрген жоқпыз, құрамында не бар екенін кім білген. Біздің бүкіл №20 көше суды туысымыздың құдығынан алуға барады, - деп әңгімеледі Балауса ықшамауданының тұрғыны Нұрлан.

- Ал туысыңыздың құдығындағы не су?

- Оны да «АСА» тасып әкеледі, бірақ өзгеше иіс пен Ватцаптағы қорқынышты хабарламалар болмаған өткен айда әкелді, - дейді Нұрлан. Ол басқа да ондаған қала тұрғындары секілді ахуалды тезірек анықтауды өтінді. Туысының құдығы, өкінішке орай, шексіз емес, ал сатып алған су жетпейді.

Біз «АСА» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВТЫҢ атына сауал жолдап, жауап алған едік. Сөзбе-сөз назарларыңызға ұсынамыз: «2015 жылдың 8 тамызында Жайық өзенінің бастапқы суында органикалық иіс пайда болды. Осыған байланысты шұғыл арада қалалық ТКШ бөлімінің, облыстық Жайық-Каспий бассейндік басқармасының, Атырау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің, Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының, ТЖД және «Атырау Су Арнасы» КМК өкілдерінен құралған комиссия құрылды.

8 тамызда таңертеңгі сағат 8-де Жайық суынан және құбырдың ауыз суынан бактериологиялық зерттеуге, патогендік флораға, толық химиялық талдау жасауға сынамалар алынды. Қысқаша химиялық талдама Жайық суынан иістің - 4 балл (қарапайым күндері 2 баллдан аспайды), түстіліктің - 33 градус байқалғанын көрсетті. Ауыз суында иіс - 2 балл, түстілік - 17 градусты көрсетті.

Судың тазарту тиімділігін және эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты қойылды. Ол үшін тазарту құрылғылары гиперхлорлау режиміне ауыстырылды, сүзу жылдамдығы төмендетіліп, белсендетілген көмір қолданылды. Орындалған шаралар нәтижесінде ауыз су талдамасы 8 тамызда сағат 23-те: иіс - 1 балл, түстілік - 6 градусты көрсетті.

10 тамызда таңертеңгі сағат 10-да Жайық суының көрсеткіштері: иіс - 2 балл, түстілік - 33 градус болды. Ауыз суда: иіс - 1 баллдан аз, түстілік - 6 градус.

Сондай-ақ, тұрғындардың шағымдары бойынша барып, зертханалық зерттеу үшін сынама алынды.

Жайық-Каспий бассейндік басқармасы Жайық өзені суының нашарлау себебін анықтауда".

ТЖ басқармасы таратты делінген ескертуге келер болсақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Сағынбек ӨМІРЗАҚОВТЫҢ айтуынша, бұл жалған ақпарат екен.

- Біздің департамент ешқандай хабарлама таратпады. Және сумен қамтуға байланысты штаттан тыс жағдайлар тіркелген жоқ, - деді С.Өмірзақов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 тамыз 2015, 20:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.