Атырау, 28 қараша 21:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жол бойындағы табын

1 736 просмотра

Image 0Атырау өңірі пойыздар жолындағы шұғыл тежеу саны бойынша «көшбасшы» болып отыр.

Көлік прокуратурасының мәліметі бойынша, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 138 шұғыл тежеу фактісі орын алған. Ал биылғы жылдың осы кезеңінде – 145. Көпшілігі (116) теміржол бойында малдың жүретіндігімен байланысты болып отыр. Әсіресе, бұл Атырау – Ганюшкин бөлігінде жиі орын алады (82).

Талдау көрстіп отырғандай, негізгі проблема – қоршаулардың жеткіліксіз мөлшері. Бүгінде периметрлі қорғаныш қоршауларының ұзындығы 155,6 шақырымды құрайды. Бұл жалпы ара қашықтықтың 24 пайызы. Теміржол астында мал айдайтын және өтетін туннельдер жоқ, орнатылған трассалар жоқ.

Жергілікті атқарушы органдар мен көлік кәсіпорындары қоршаулардың ұзындығын көбейтіп, сондай-ақ, теміржолға жақын елді мекендердің тұрғындары арасында түсініктеме жұмыстарын күшейтпек.

Анастасия ПАСТУХОВА

10 тамыз 2015, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.