Атырау, 7 қазан 05:27
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау полициясының қызметкері гастарбайтерді өлтірді деп күдіктелуде

2 113 просмотра

Image 0

Атырау облыстық ІІД-нің таратылған баспасөз хабарламасында былай делінген: "2015 жылдың 7 тамызында полицияның кезекші бөлімшесіне қала тұрғыны хабарласып, пәтерінде уақытша тұрып жатқан туысының - 1989 жылғы Өзбекстан азаматының жоғалып кеткендігі туралы мәлімдеді. Шағымданушының айтуынша, пәтерінің есігі бұзылмаған, бірақ үйден зергерлік бұйымдар мен ақша салынған металл сейф жоғалып кеткен. Іздеу барысында адамның жоғалуына полиция қызметкерінің қатысы бар екендігі туралы ақпарат алынды. Тергеу-жедел тобы құрылып, оған ІІД бастығының бірінші орынбасары басшылық етті. Сондай-ақ, топ құрамына ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері де кірді.

Жедел-іздеу шаралары барысында адам жоғалуына Атырауда уақытша тұрып жатқан Өзбекстанның 1989 жылғы азаматының қатысы бар екендігі анықталды. Ол ұсталды, ұрланған зергерлік бұйымдардың бір бөлігі алынды. Сондай-ақ, тағы бір күдікті - 1993 жылғы полиция қызметкері ұсталды.

Атырау қаласынан 33 шақырым жердегі далалықтан, Атырау - Индер автожолына жақын жерде (Алға поселкесінің маңында) хабар-ошарсыз жоғалған Өзбекстан азаматының зорлықпен өлтіріліп, көмілген мүрдесі табылды. Ұсталған күдіктілер - полиция қызметкері мен Өзбекстан азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚК-тің 125-ші ("Адам ұрлау"), 192-ші ("Қарақшылық") және 99-шы ("Кісі өлтіру") баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды".

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, аса ауыр қылмысты ашу жөніндегі бүкіл жедел-іздеу жұмыстары бір тәулік ішінде жүргізілген. Бірқатар сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Осы жұмыстар барысында әрбір қылмысқа қатысушының рөлі анықталатын болады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

9 тамыз 2015, 23:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.