Атырау, 28 қараша 21:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Жастарға арналған үй

4 137 просмотра

Image 0

7 тамызда Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ жергілікті «Жас Отау» бағдарламасы бойынша пәтер алған жас отбасыларға кілттер табыс етті.

- Бұл - біздің бірнеше жыл бұрын бастаған «Жас Отау» бағдарламасы бойынша беріліп жатқан алғашқы үй. Бағдарлама жалғасын табады, келесі жылы бағдарлама бойынша 120 пәтерлік үй беруді жоспарлап отырмыз, - деп хабарлады әкім.

Нұрсая ықшамауданындағы жаңа үй жұбайлардың жастары 29-дан аспаған жас отбасыларға арнап салынды. Үйде бір бөлмелі 60 пәтер және екі бөлмелі 30 пәтер бар. Тұрғын үйлерді бөлу комиссиясы мүшелерінің бірі Ұлықбек ТІНАЛИЕВТІҢ айтуынша, 1 400 өтінім келіп түскен, осылардың 700-ге жуығы ғана белгіленген талаптарға сәйкес келді. Солардың ішінен алғашқы 90 бақытты отбасы пәтерге ие болды. «Жас Отау» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға үміткерлер көптеген талаптарға сай болуы керек: жұбайлардың жасы 29-дан аспауы, жиынтық кіріс 100 мың теңгеден кем емес және 350 мың теңгеден аспауы қажет. Пәтерлерді бөлу бірнеше санаттар бойынша жүргізілді: жұбайлардың біреуі немесе екеуі де мүгедек; мүгедек балалары бар отбасылар; жұбайлардың бірі немесе екеуі де өз салаларында – спортта, өнерде, кәсіби қызметінде – қоғамда белгілі бір танымалдылыққа қол жеткізгендер. Үміткерлердің келесі санаты – бюджет қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер, соңғысы – басқа да кезекте тұрғандар.

- Алдымызда тең адамдар арасынан лайықтысын таңдау сияқты өте қиын міндет тұрды, - дейді Ұ. Тінәлиев. – Кейбіреулердің жалақылары жетпеді, алайда оларға ата-аналары көмекке келді, олар тұрғын үй несиесін ресімдегенде кепілгер болды. Өйткені осы бағдарлама бойынша алға қарай үйлер салу қайтарымды қаржымен жүргізілетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

10 тамыз 2015, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.