Атырау, 17 қаңтар 05:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -9
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Полицей 5 жылға сотталды

3 159 рет қаралды

Image 0Жылыой аудандық сотының үкімімен АІІБ-нің учаскелік инспектордың көмекшісіне 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

- 2014 жылдың 28 мамырында учаскелік инспектордың көмекшісі қызметін атқару барысында жәбірленуші М.Б-ны ұрып-соғып, орташа ауырлықтағы дене жарақатын салды, - дейді Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВ. - Аталған оқиға бойынша прокуратура ҚР ҚК 308-бабы 4-тармағының «а» тармақшасымен («Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы асыра пайдалану») қылмыстық іс қозғады. Іс тергеліп, сотқа жолданды. 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 тамыз 2015, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.