Фото күдіктінің "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.Атырау қаласының №2 сотында қалалықтарға «алтын Мерседес» иесі ретінде жақсы танымал адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қаржылық пирамида құру жолымен 84 миллион теңге ұрлады деп айыпталуда («Адамдар қаржы пирамидасына сенуді қояр емес» мақаласын қараңыз).
- Қылмыстық іс материалдарынан Ж.К. 2014 жылы Playtcoin ЖШС ашып, банк операцияларын жүргізуге құқығы болмаса да, қалалықтардан ақша салымдарын қабылдағанын білдік, - дейді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ. – Барлық зардап шегушілерге компания салынған соманың 30%-ы көлемінде ай сайынғы бонус береміз деп сөз берген. Барлық қаражат Ж.К.-ның жеке шотына және ұялы телефоны номерінің шотына аударылып отырған.
ЖШС-ке 134 адам салым салған және олардың жиынтық шығындары 84 миллионнан астам соманы құрады. Айыпталушыға ҚР ҚК-нің 214-бабы 2-тармағы 2-тармақшасы («Аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан кәсiпкерлiк немесе банктік қызметтi заңнаманы бұзып жүзеге асыру») 217-баптың 3-тармақ 3-тармақшасы («Аса ірі мөлшерде ақша тарта отырып, қаржылық пирамида құру және басқару») бойынша айып тағылып отыр.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА