Атырау, 28 қараша 22:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Адамдар қаржы пирамидасына сенуді қояр емес

4 744 просмотра

Фото күдіктінің Фото күдіктінің "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.Криминалдық полиция қызметкерлері атыраулық фирмалардың бірінің директорын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл туралы бізге Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлады. Оның айтуынша, бұл адамға қатысты 13 шағым түскен. Шағымдардың негізгі бөлігі биылғы жылдың ақпанында түскен. Ұсталушының аты-жөнін полицейлер атамады, алайда бейресми мәліметтер бойынша, әңгіме «Playtcoin» ЖШС директоры Ж. Қ. туралы болып отыр. Ол қала тұрғындарының көпшілігіне «алтын “Мерседес”» қожайыны ретінде танымал.

Атырау тұрғыны Гузель ТАСТАНОВА «Playtcoin» компаниясы туралы бауырынан білген. Ол фирмалардың бірі инвесторлар іздейтінін, олар табыстың 30 пайызына ие болады деп уәде етілгенін әңгімелепті. Ол компания сайтына кіріп, жағымды пікірлерді оқып шықты. Компания салынған соманың 30 пайызына ай сайын бонустар беретіндігіне уәде беріп, «күрделі төлемдердің қарапайым есептері туралы», табыстың пайыздары негізгі сомаға қосылып, әрі қарай жаңа табыс жасауға өздері қатысатындығын айтқан. Яғни, ақшаны ақша жасайды. Компания шақырылған жаңа қатысушылар үшін тағы 10 пайызға кенелесіз деп уәде беріп, «Баспана», «Автокөлік» деген түрлі бағдарламалар, әлдебір заттай лотереялар ұсынған.

Бастапқыда Гузель 10 мың теңге, содан кейін тағы 200 мың теңге салған. Компаниямен келісім жасапты. Ақшаны «Киви-әмиянға» аударған. Кейінірек әйел әмиянның компанияға емес, кәсіпкердің өз атына тіркелгенін біледі. Құжаттарды заңгерлерге көрсеткенде олар келісімнің заң бұзылып жасалғанын айтады. Жаңа жыл алдында Гузель өз ақшасын қайтарып алуды ұйғарады. Алайда әлдебір уақытша қиындықтарға сілтеп, компания одан күте тұруды өтінеді, содан бері қарай күнде «ертеңмен» тойдыра бастаған.

Ақпанның басында оған әлдебір купондарды табыстап, оларды 19 ақпанда қолма-қол ақшаға айналдыруға уәде беріпті. Алайда аталған күні әйелге көптен бері сезіле бастаған бар шындықтың беті ашылады.

Ж. өз купонымды жаңадан келушілерге өзің сат деді. Менің наразылығыма өз ақшамды қайтарғым келсе, аңқау жаңа адамдарды іздеуге тиіс екенімді қатты айтып тастады. Мен мұның қаржы пирамидасы екенін түсіндім, мен әңгімемізді түсіріп алуға тырыстым. Бірақ ол менің ұялы телефонымды тартып алды. Сол кезде мен ІІД-не шағым жаздым, - дейді алданған салымшы.

Оның інісі мен апасы одан да қомақты сома – 800 және 846 мың теңге салған. Алданған салымшы іс жүзінде Атырауда көп, тек олардың бәрі бірдей шағымдануға асықпайды. Бәлкім, алаяқтардың жарнамасына алданғаны үшін ұялатын шығар. Мүмкін, олардың бірі қоғамда беделді орында шығар, енді бірі соманы жарнамалағылары келмейтін болар...

Мұндай «белсенді қатысушылар», алданған адамдардың фактісі бойынша, егер «Playtcoin» сайтындағы ақпаратқа сенер болсақ, еліміздің әрбір түкпірінде 52 364 адам екен. Атыраудан басқа компания кеңселері Оралда, Алматыда, Астанада, Шымкентте бар.

Шымкент тұрғыны Нұржамал МЫРЗАҚҰЛОВА тіпті ақшаны көбірек салса, тиімді болады деп ойлап, 3 млн теңгеге қарызға батқан.

Бұл қаржы тек менің ғана емес, туыстарым мен қаржыларын табыспен қайтарып аламыз деп үміттеніп маған қарызға бергендердің де қаржысы. Мен ақшамды қараша айында алғым келіп, арнайы келдім. Алайда Ж. мені көндіріп, жаңа, одан да тиімді бағдарламалар ашылатынын айтты. 16 ақпанда мен қайтадан Атырауға келдім. Бұл жерде тек уақыт өткізіп, көк тиын да ала алмадым, - дейді Нұржамал.

Оған туған қаласына бос қайтуға тура келді. Ал Шымкентте барлық салымшылар жаңалық күтіп отыр. Оларға не айта алады? Құқыққорғау органдарына, прокуратура мен «Нұр Отан» партиясына шағым жазып кеткенін бе?

Мен мұнымен тоқтамаймын, әрі қарай қуынамын, Астанаға шағымданамын. Мен сияқты осы компанияға алданғандар Шымкентте көп. Олар ақшамызды алып кетті, оны қалағандарынша пайдаланады. Машиналар, лимузиндар, коттедждер сатып алады, директор алтын мерседеске мініп жүр, - дейді ашуланған әйел.

Бас прокуратураның ақпараты бойынша, 2010-2013 жылдар аралығында Қазақстанның құқыққорғау органдары қаржы пирамидаларының заңсыз қызметіне байланысты фактілер бойынша 61 қылмыстық іс қозғаған. Зардап шегушілердің жалпы саны 4 мың адамды құрады. Тигізілген зиян сомасы 767 млн теңгеден асты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 наурыз 2015, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.