Атырау, 25 желтоқсан 10:55
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Ұтылды да, демалысқа кетті

1 462 рет қаралды

Image 026 шілдеде «Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 22-туры аясында «Атырау» және «Ақтөбе» командалары арасында матч өтті. Кездесу 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Ақтөбеліктер әр таймның басында бір-бір голдан соқты – Сергей ХИЖНИЧЕНКО мен бразилиялық Маркос ПИЗЕЛЛИ көзге түсті. Алаң иелері де көп шабуылдады. Әсіресе Мұрат ТІЛЕШЕВ белсенділігін атап өткен жөн, оның қақпашымен бірге-бір шығуын қапталдағы төреші ойыннан тыс қалды деп тоқтатты.

Осы жеңіліске қарамастан «Атырау» турнир кестесіндегі 4-орнын сақтап қалды және чемпионаттың финалдық кезеңін осы орнымен жалғастырады. Естеріңізге салсақ, 1 және 6-орындар иелері жүлделер үшін таласса, 7 және 12-орындағы командалар Премьер-лигадан ұшып кетпеудің қамын жасайды.

Екінші кезеңде командалардың жинаған ұпайы екіге шегеріледі. Қазір командамызда 37 ұпай бар, осыдан 19-ы қалады (чемпионат көшбасшылары «Қайрат» пен «Ақтөбеде» 44 ұпайдан, олар келесі кезеңді 22 ұпаймен жалғастырады).

«Атырау» ФК баспасөз хатшысы Нұркен МЫРЗАҒАЛИЕВ хабарлағандай, матчтан кейін «Атырау» ойыншылары 5 тамызға дейін қысқа мерзімдік демалысқа кетті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Image 0

27 шілде 2015, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.