Атырау, 25 желтоқсан 14:02
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының 3-іріктеу кезеңіне жолдама алды

2 423 рет қаралды

Image 0Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ – «Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының 3-іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Алашкерт» пен «Қайрат» арасындағы қарымта ойын Арменияда өтті және 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Әрмендің клубтың сапында 28 және 94-минуттарда Арарат Аракелян мен Эбер Дос Сантос көзге түсті. Қонақтардан 45-минутта Жерар Гоу жалғыз гол авторы атанды.

Жеңіліске қарамастан, бірінші матчта 3:0 есебімен жеңіске жеткен «Қайрат» келесі айналымға өтті.

Қайраттықтардың келесі қарсыласы болып «Риека» (Хорватия) клубын тізе бүктірген шотландиялық «Абердин» атанды.

Дереккөз: ҚазТАГ

24 шілде 2015, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.