Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ – Экстремистік «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымының мұнайды сатудан ғана табатын кірісі айы сайын $40 млн болып отыр.
«2014 жылы «Ислам мемлекеті» Ирактағы үлкендігі жағынан екінші қала Мосулды басып алғанда, ол сол қаладағы 90 банктің қаражатын басып қалған. Барлығы ол сома нақты ақшамен $500 млн - $1 млрд аралығында деп есептеледі», - деп айтқан АҚШ қаржы министрінің қаржылық терроризммен күрес бойынша көмекшісі Дэниэл Глейзердің айтқандарына РБК сілтеме жасайды.
Ол сондай-ақ ИГИЛ содырлары ай сайын $1000 жалақы алатыны туралы мәліметтер келтірді.
«Ислам мемлекеті» террорлық топ бірнеше радикалдық исламшыл топтардың бірігуінен пайда болды. 2014 жылы маусымда олар Сирия мен Ирактың бір бөлігінде «дүниежүзілік халифат» құрғанын жариялады. Олармен байланысты немесе солардың басшылығындағы экстремистік топтар Ливия, Ауғанстанда, Йеменде, Нигериядағы соғыстарға қатысуда, әр түрлі елдерде террактілер ұйымдастыруда.
Дереккөз: ҚазТАГ