Атырау, 28 қараша 19:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Шалыгада өлген суқұзғыннан құс тұмауы табылды

6 279 просмотра

Image 0Сәуір айында Қиғаш өзенінің сағасында өлген бірқазандардың денесі табылды Бірқазандар неліктен қырылды?» мақаласын қараңыз). Кейіннен «Ақжайық» резерваты акваториясына жататын Шалыга аралынан өлген суқұзғындар мен шағалалар табылды. Олардың денелері шетелге зерттеуге жіберілген еді Өлі шағалаларды Италияда тексереді» мақаласын қараңыз).

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Мереке ШАЛҚАРОВ хабарлағандай, ғалымдар суқұзғынның Н5N1 құс тұмауы вирусы әсерінен өлгенін анықтаған. Шағалалардан вирус табылмаған.

Жақын арада Астанадан ғалымдар келеді деп күтілуде. Толық зерттеу жүргізу үшін оларға түрлі құстарды атуға рұқсат беретін лимит бөлінді. Инспекцияда күзгі құс ату маусымы болмауы мүмкін деп болжап отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 шілде 2015, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.